Түркістан облысы білім басқармасы №11 колледж МКҚК-ның әдістемелік кабинетінде 2023 жылдың қыкүйек айының 26-шы жұлдызында сағат 09:00 де «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Тәрбие жұмысының жоспары» тақырыбында, колледжішілік әдістемелік-семинар болып өтті.Семинарға Колледж директоры: Е.Сасбұқа, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Т.Мақсұтов, Әдіскер: Ж. Кенжетаева, Бөлім меңгерушісі: Ғ.Даршалов, Педагог- психолог: С. Бақбергенова және топ жетекшілер қатысты. Семинарды ашып беру үшін Колледж директоры Е. Сасбұқаға сөз берілді. Семинар тақырыбымен мақсаты түсіндіріліп болған соң, көңіл күйді реттеу үшін, қызықты тренинг, жаттығулар ұйымдастырылды. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу басты мақсатымыз. Семинар барысында топ жетекшілерге «Бір тұтас тәрбие бағдарламасы»- ұлттық адами құндылықтарға негізделгенін ескере отырып, тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс екендігі айтылды. Семинарда топ жетекшілердің тәрбие жоспарына өзгертулер енгізілгені туралы, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинар өте қызықты және тартысты өтті.

Читать далее

Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы №11 Колледж кітапханашысы Г.Матиеваның ұйымдастыруымен білім күніне орай,,Әділетті Қазақстан :сапалы білім,адал ұрпақ , табысты ұлт» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Студенттерді білім күнімен құттықтап ,1-курс студенттерін кітапханамен таныстыру.Кітапхана табыс мекені екенін түсіндіре келе ,жастар арасында кітап оқуға деген зейіндерін ашу, жастар арасында шығармашылық , рухани қатынасты нығайту.

Читать далее

Қазығұрт ауданы №11 Колледж кітапханашысы Г.Матиеваның ұйымдастыруымен 2023 жылдың қыркүйек айында ,,Туған тілім -рухани асыл қазынам ,,атты көрме жасалып ,студенттерге таныстырып өтілді. Тіл мерекесі еліміз үшін және біз үшін маңызды мерекелердің бірі.Ол біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз және біздің байтақ мәдени мұрамызбен қазығы берік ,мемлекеттік тіліміз екенін ұғындыру. Мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, жастар арасында ,,Тіл туралы» заңын жүзеге асыру, рухани қатынасты нығайту.

Читать далее

Түркістан облысы білім басқармасының 18.09.2023жылғы №28-08-08/7026 шығыс хатына сәйкес Еңбек күнін мерекелеу мақсатында: Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шара бағдарламасы түзіліп, сол бағдарлама аясында мереке өткізілді. Осы мақсатта Социалистік Еңбек Ері, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Төле Ағабеков және Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Оңғар Райымбеков ағамыз, сонымен қатар ардагер ұстаздарымыз Нұрлан Айнабеков, Қалдыбай Наушабеков ағаларымызбен кездесу ұйымдастырылды. Студенттермен кездесу колледжіміздегі Төле Ағабеков пен Оңғар Райымбеков ағаларымыздың атына берілген кабинетте өткізілді. Ағаларымыз өмір жолымен, жасаған қызметтерін студенттермен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Колледжіміздің директоры Е. Сасбұқа сөз алып, осы ағаларымыздың жетістігі мен елімізге сіңірген еңбектерін тізбелей келе, студенттерімізге ағаларымыздай азамат болуға өз мамандығының иесі атанып, елімізге адал қызмет етуге үндеді.Сонымен қатар директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Т.Мақсұтов сөз сөйлеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Пралиев баяндама оқыды. Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шара колледждің акт залында өз жалғасын тапты. Колледжіміздің студенттері әсем ән мен көркем би сыйлап, қонақтарымызға керемет көңіл-күй сыйлады.

Читать далее

Бүгін №11 колледж мекемесінде 1 — Қыркүйек білім күніне арналған арнайы салтанатты іс шара аталып өтілді. Аталған шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен ашылып, оқу орнының директоры Е.Сасбұқа және ұстаздар барша студенттерді білім күнімен құттықтап, жастарды білімге, еңбек сүйгіштікке және еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары болуға шақырды.

Читать далее

2023 жылы 28 шілдеде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№11 колледж» МКҚК-ның әдістемелік кабинетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқылау бойынша ашық жиналыс өтті. Жиналысқа жұмыс тобының мүшелерінен басқа оқытушылар, қамқоршылық кеңес мүшелері, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры С. Қыпшақбаев, №11 колледж ата-аналар комитетінің төрайымы Сапаркүл Киікбайқызы қатысты. Жиналыс барысында тиісті талдамалық анықтама дайындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары талқыланды.

Читать далее

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС! Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы өтіп жатыр. Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады. Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді. Байқау аясында екі номинация — «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2023 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. Конкурстың қорытындысы 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай шығарылады. Байқауға қатысуға Түркістан облысының барлық белсенді жастарын шақырамыз

https://www.anticorruption.life/

Читать далее

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГІ ҚЫМЫЗ БАЛМҰЗДАҒЫН ЖАСАП ШЫҒАРАДЫ 🥛№11-ші колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дәріс беретін педагог Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды. 🎯Жаңа жобаның мақсаты — ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отта дайындалады және оның құрамы өзгермей, табиғи құндылығын сақтайды. 💬«Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», — дейді Жадыра Байдалы. 🚹Педагогтың айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Сонымен қатар, Жадыра емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

Читать далее

Колледж түлектеріне диплом табыстау – ұжымның атқарған жұмысының жемісін көретін қуанышты сәт. Ал оқу үздіктеріне диплом тапсыру кеші – сол еселі еңбектің қайтарымына куә болатын нағыз бақытты шақтың бірі. № 11 колледжді 203 түлек бітіріп диплом алды.

Читать далее