Жаңалықтар Құрметті Әріптестер, қадірлі ата-аналар және студенттер! Сіздерді 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін № 11 колледж МКҚК-да 1 — Қыркүйек білім күніне арналған арнайы салтанатты іс шара аталып өтілді. Аталған шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен ашылып, директордың міндетін уақытша атқарушы Т.Қ.Максутов және ардагер ұстаздар колледж табалдырығын алғаш аттаған студенттерді құттықтап, алдағы күндеріне сәттілік тіледі. «Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін бірақ нәрсе бар – ол білім!» — деген екен халық жазушысы Мұхтар Әуезов. 1 сентября, 20241 сентября, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Түркістан облысы Білім басқармасы «№11 КОЛЛЕДЖ» МКҚК КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ 1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп жариялайды Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік шығу тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан, құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды қорлаудың кез-келген түріне тыйым салынады. Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің Негізгі заңын құрметтеп, сақтауы тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының дамуы мен тұрақтылығына, әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Құрметті қазақстандықтар, Конституция күнімен құттықтаймыз! Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз! 1 сентября, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар 2024-2025 оқу жылына студенттерді оқуға қабылдау, кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша, жоспарға сай, қабылдау комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілді. 30 апреля, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 19-наурыз «Наурыз-Жаңару айы » мерекесіне орай колледж әкімшілігі ұйымдастыруымен колледж спорт алаңында мұғалімдер арасында ұлттық спорт түрлерін жарыс болып өтті. Жарыс ұлттық спорт түрлерінен атап айтар болсақ гір тасын көтеру, асық ату, қол қүрес, арқан тарту бойынша сайыстар өтті. Жеңімпаздарға колледж әкімшілігі атынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілетін болды. Рамазан айын ескере отырып колледж әкімшілігі ұйымдастырумен ұстаздар қауымына кешкі ауызашар берілді. 20 марта, 202420 марта, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 20-наурыз «Наурыз-Ұлттық спорт күні» мерекесіне орай тәрбие бөлімі және дене тәрбие жетекшісі Ш.Шауполатов бастамасымен, көркемдік жетекші Д.Сыдықов пен дене тәрбиесі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, ұлттық спортты дәріптеу және дамыту мақсатымен колледж алаңында ұлттық спорт түрлерін «Жігіт сұлтаны-2024» номинациясы бойынша жарыс өткізілді. Жарыс ұлттық спорт түрлерінен атап айтар болсақ гір тасын көтеру, асық ату, қол қүрес, арқан тарту бойынша сайыстар өтті. Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзбен директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және оқу ісі орынбасары Қ.Пралиев,бөлім меңгерушісі Ғ.Даршалов жалғап, наурыз мерекесіне ізігі тілектер білдіріп, ұлттық спорт ұлт қазынасы екенін студенттерімізге айта отырып, жарысқа қатысатын сайыскерлерге сәттілік тіледі. 20 марта, 202420 марта, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 19-наурыз «Наурыз-Жаңару мен жаңғыру татулықтың бастауы» мерекесіне орай директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және оқу ісі орынбасары Қ.Пралиев ұйымдастыруымен және осы іс шараға студенттеріміздің ата-аналары, әуелметтік серіктестіктен арнайы қонағымыз Е.Тасболатов ағайдың қатысуымен колледж аумағына 50 түп көшет отырғызылды. Бұл жерде жаңадан отырғызылған көшеттер өніп шығып, жеміс бергені сияқты жаңа, тың бастамалар болып, ол өз нәтижесін беріп жатса, ел өміріндегі түрлі салаларда оң өзгерістер болып жатса, демек жаңарудың нәтижесі деген сөз. Наурыз — салт дәстүрді түгендеу емес, салт-дәстүрді тірілту. «Жаңару күні» барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл — рухани жаңғырудың үлкен бір белесі. Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін. 19 марта, 202419 марта, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының жоспары аясында 14-наурыз «Көрісу күні-амал мерекесі» колледж қабырғасында аталып өтті. Бұл күнде көрісе отырып, бір-біріне жаңа жасыңмен,жасың құтты болсын деп құтықтау мен ізгі тілектер жолданады.Осы күні бұрынғы өкпе- ренішінті кешіріп, бір- біріне аман-саулық тілейді. Береке мен бірліктің мейрамы Наурыз айының, «Көрісу күні» құтты болсын! 19 марта, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының жоспары аясында 15-наурыз «Наурыз-Мейірімділік мерекесі» күні колледжімізде бірқатар іс-шаралар өткізілді.Атап айтар болсақ, жағдайы төмен отбасыларға,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету үшін «Қамқоршылық кеңес»мүшелерін, колледж қызметкелерін тарта отырып, директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және әлеуметтік-педагог Ы.Ибраим ұйымдастыруымен «Қайырымды Ұлт» қайырымдылық акциясы өткізілді.Осы ақциядан жиналған қаражатты колледж қабырғасында білім алатын аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге үлестірілді. 19 марта, 202419 марта, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні! Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының жоспары аясында колледж студенттерімен Қазығұрт Жастар орталығы қызметкерлері бастамасымен және колледж жастар ісі жөніндегі инспектор А.Тілеуов ұйымдастыруымен кездесу болып өтті. Ұлттық құндылықтар бір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ұлттық құндылықтар әр халықтың тарихын, дәстүрлерін сонау көне ғасырлардан біздің уақытқа дейін жеткізген құрал. Біздің қазақ халқын осы ұлттық құндылықтар ел қылып, халық қылып отыр. Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әр қайссынын құрмет тұтуымыз қажет. Себебі ұлттық құндылықтар — ұлттың қазынасы. Осындай ұлттық қазынамыздың арқасында біздің еліміздің жастары салт-дәстүрлерге сай болып, тәрбиелі болып өседі. Бұндай құндылықтар арқылы халықтың рухын сақтаймыз, бірлігіміз қатаяды 19 марта, 202419 марта, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар 15-НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ 🔹Қайырымдылық күніне орай, «Аға ұрпақты қастерлейік» атты тақырыпта «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және №11 колледж студенттерінің «Жас жігер» ерікті жастарының қатысуымен, жалғыз ілікті қаттарымыздың және еңбек ардагерлер,батыр аналар мүмкіндік шектеулі азаматтардың үйлеріне барып сенбілік жұмыстары жүргізіп,үй шаруашылығына көмектесіп қайтты. 🔹«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» — деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс. 19 марта, 202419 марта, 2024 admin 0 Комментариев Читать далее