Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 19-наурыз «Наурыз-Жаңару мен жаңғыру татулықтың бастауы» мерекесіне орай директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және оқу ісі орынбасары Қ.Пралиев ұйымдастыруымен және осы іс шараға студенттеріміздің ата-аналары, әуелметтік серіктестіктен арнайы қонағымыз Е.Тасболатов ағайдың қатысуымен колледж аумағына 50 түп көшет отырғызылды. Бұл жерде жаңадан отырғызылған көшеттер өніп шығып, жеміс бергені сияқты жаңа, тың бастамалар болып, ол өз нәтижесін беріп жатса, ел өміріндегі түрлі салаларда оң өзгерістер болып жатса, демек жаңарудың нәтижесі деген сөз. Наурыз — салт дәстүрді түгендеу емес, салт-дәстүрді тірілту. «Жаңару күні» барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл — рухани жаңғырудың үлкен бір белесі. Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін.