
Пралиев Қуанышбек Расылбекұлы
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
1979 жылдың 26 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Шымкент қаласындағы Агро-өнеркәсіп колледжінің «техника механика» факультетіне түсіп, 1999 Агротехникалық колледжінің «техник-механик» мамандығын жақсы деген көрсеткішпен бітіріп шыққан. 2000 жылы Қазығұрт ауданындағы № 11 кәсіптік техникалық мектепке өндіріс шебері болып қабылданып, 2000 жылы Түркістан қаласындағы Ө.Жәнібеков академиясының «тарих-география» мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түскен. Ал 2001 жылы № 11 кәсіптік мектебінің директорының бұйрығымен жатақхана тәрбиешісі болып ауыстырылған. 2005 жылы Астана қаласында орналасқан Қазақстан-Ресей университетінің «тарих-география мұғалімі»мамандығын бітіріп шығып, 2006 жылы № 11 кәсіптік мектебінің тарих-география пәнінің мұғалімі болып ауыстырылған. 2008 жылы Топ жетекшілер бірлестігінің жетекшісі қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.

Орынбасар Айбек Раимбекұлы
Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
Орынбасар Айбек Раимбекұлы 1992 жылы 24 қыркүйекте Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1999 жылы Қазығұрт ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, 2010 жылы 11 сыныпты аяқтаған.
Оқу жолын 2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Көлік және энергетика» факультетінің «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысымен тасымалды уйымдастыру» мамандығына түсіп 2014 жылы жоғары оқу орнын бітіріп шыққан. 2018 жылы Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінің «Құқықтану» мамандығына сырттай оқуға түсіп, оны 2020 жылы аяқтаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі тасымалы және автомобиль жолдары бөліміне жастар практикасына қабылданып, тәжірибеден өткен.
2017 жылы Білім Басқармасының «№11 колледж» МКҚК-на өндірістік оқыту шебері болып қабылданған, қазіргі уақытта осы мекемеде директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Отбасылы: 1 ұл 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Қазіргі таңда тұрғылықты мекен жайы: Қазығұрт аудагы,Қазығұрт ауылы Бейбітшілік көшесі 24 үй.
Байланыс телефоным: 87012229642

Шожиков Мейрбек Куламкадырович
Директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары
Шожиков Мейрбек Куламкадырович, 1990 жылы 04 қазанда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Жамбыл атындағы орта мектепке барып, оны 2008 жылы үздік тәмамдады. 2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Физика-математика» факультетінің «Кәсіптік білім» мамандығына түсіп. 2013 жылы бітіріп шыққан. 2014 жылдың қараша айынан осы күнге дейін «№11 колледж МКҚК» мекемесінде жұмыс істейді.
Отбасылы. Үш қызы бар.

Тілеу Бағдаулет Есімұлы
Тілеу Бағдаулет Есімұлы, 03.01.1993 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген.
1999 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекеніндегі Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке 1-ші сыныпқа қабылданып. аталған мектепті 2010 жылы бітіріп шыққан.
2010 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне Инженерлік факультетіне оқуға түсіп, оны 2014 жылы бітіріп сол жылы талған университеттің магистратурасына түсіп оны 2016 жылы бітіріп, ауыл шаруашылығының магистр атағын алған.
2017 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданыны Қазығұрт елді мекеніндегі «№11 колледж» МКҚК-ға өндірістік оқыту шебері болып жұмысқа қабылданған. Аталған колледжде 7 жыл қызмет етіп, 2024 жылдың қараша айында аға шебер лауазымына ауысқан. Қазіргі кезде аталған колледжде қызмет етуде.
Кенжетаева Жазира Имашқызы
1974 жылы 1 каңтарда Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе совхозының 1- мамыр елді мекенінде дүниеге келді. 1991 жылы мектеп бітіріп, бір жыл сауыншы болып жұмыс істеді. 1992 жылы Қазақ- Араб институтына түсіп, толық курсын 1994 жылы «Үздік дипломға» аяқтап шықты. 1994 жылы Аудан әкімшілігіне хатшы болып жұмысқа орналасты.1995 жылы ақпан айында осы кәсіптік мектепке араб тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. АҮББ университетіне 3- курстан сырттай бөлімге оқуға қабылданып, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын да алды. Содан бері осы лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда осы колледждің әдіскері болып қызмет атқаруда.
