Колледж тарихы

Қазығұрт ауданында орналасқан «№11 колледж» МКҚК-ны 1958 жылы қараша айында Тұрбат елді мекеніндегі МТС базасында «Ауыл шаруашылығын механизациялау» училищесі болып ашылды.

      1959 жылы қаңтар айының 19-шы жұлдызында №1 бұйрықпен «Кең көлемді тракторист-машинист» мамандығы бойынша 87  оқушы қабылданды.

     1979 жылы оқу орны Қазығұрт ауданының орталығына көшірілді. Бүгінгі күнге дейін 25 мыңнан аса жастар түрлі мамандықтар алып шықты. Осы оқу орнын аяқтаған жастар ауыл шаруашылық саласында, құрылыс және өндіріс орындарында белсенді еңбек етіп, еліміздің қарыштап дамуына өз үлестерін қосып келеді.

    Олардың арасында Социалистік еңбек ері Төле Ағабеков бар

Төле Ағабеков 1944 жылы қазан айының 10 жұлдызы күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратас ауданы (Қазіргі Қазығұрт ауданы) Тұрбат ауылы, Ақпарақ елді мекенінде дүниеге келген. 1952 жылы  Ақпарақ бастауыш мектебіне оқуға барып, 1956 жылы бастауыш сыныпты бітірген. 1956 жылдан Тұрбат ауылындағы Қазанның ХХХ жылдығы жалпы орта мекебінде оқып, 1962 жылы бітіріп орта білім алып шыққан. 1962 жылы Тұрбат ауылындағы СПТУ – 94 училищесінде механизатор-комбайнер мамандығы бойынша білім алып, 1963 жылы бітіріп шығады.

       Ә.Науайы колхозында механизатор болып жұмыс істеп жүріп еңбек өнімділігін арттырып, 1 рет СССР Жоғары Кеңесіне, 2 рет Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне, Оңтүстік Қазақстан  облыстық кеңесіне және аудандық кеңеске бірнеше рет депутат болып сайланған.

        Т.Ағабековтың  Ерен еңбегі ескеріліп 1972 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1976 жылы Ленин орденімен марапатталады, 1981жылы Социялистік Еңбек Ері атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» медалімен және екінші рет Ленин орденімен марапатталады.

        Т.Ағабеков 2005 жылдан зейнеткерлікке шыққан.

        Сонымен қатар Еңбек қызыл Ту ордені және Жоғары кеңестің құрмет грамотасымен марапатталған Қалменов Тағайда бар.

    1976 жылы Құрмет ордені ІХ, ХІ бесжылдықтың екпіндісі медальдарымен марапатталған Қонысбай Намазбай және т.б.

   1965 жылы СПТУ №94 (селолық кәсіптік-техникалық училище);

   1984 жылы қыркүйектен №30 КТУ (кәсіптік техникалық училище);

   1992 жылы №30 ЖКУЛ (жоғары кәсіптік училище — лицей);

   1996 жылы қыркүйектен №11 КТМ (кәсіптік техникалық мектеп);

   2002 жылы тамыз айының 26-шы жұлдызынан №11 кәсіптік мектеп;

   2008 жылы қаңтар айының 21 жұлдызынан «№11 кәсіптік-лицей» МКҚК-ны болып өзгерді;

   2013 жылдың қаңтар айынан  бастап «№11 колледж» МКҚК-ны болып қайта өзгерді.

Қазіргі таңда дайындап жатқан мамандықтар:

  1. 07161600   «Ауыл шаруашылығын механикаландыру »
  2. 07150500   «Дәнекерлеу ісі»
  3. 07161300 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу   және пайдалану»
  4. 10130300   «Тамақтануды ұйымдастыру»
  5. 07230100   «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»
  6. 03220200   «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану »