Түркістан облысы Білім басқармасы «№11 КОЛЛЕДЖ» МКҚК КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ 1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп жариялайды Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік шығу тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан, құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды қорлаудың кез-келген түріне тыйым салынады. Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің Негізгі заңын құрметтеп, сақтауы тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының дамуы мен тұрақтылығына, әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Құрметті қазақстандықтар, Конституция күнімен құттықтаймыз! Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз!