Ата-аналар комитетін қайта бекіту туралы

Ата – аналар жиналысының бағдарламасы

Өткізілу мерзімі:  15. 10. 2020 жыл

Өткізілу орны:  ZOOM  платформасы

Сағ: 09:50   Қатысатын  ата – аналарды  ZOOM  платформасы арқылы  тіркеу
Қатысқандар       №11 колледж директоры Е. Сасбұқа , Директордың орынбасарлары: Қ. Пралиев, Б. Тұртаев, әдіскер Ж. Кенжетаева, Колледж қызметкерлерімен студенттер 120 адам 
Баяндамашылар ҚР Білім және ғылым министрінің 13. 08. 2020  жылғы №345 бұйрығындағы 3-қосымшасын    түсіндіру. Бала тәрбиесіндегі ата –  аналардың міндеттемелері. Құқықбұзушылықтың алдын алу. Ата – аналар комитетін қайта сайлау. Дир. ТЖЖ орынбасары Т. Мақсұтов Ата – аналар мен студенттердің психологиялық педагогикалық біліктілігін  арттыру. Педагог – психолог С. Бахбергенова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық   негіздерінің 4-ші бағыты бойынша «Отбасылық тәрбие». Парасаттылық мектебінің жетекшісі Г. Жаманбаева  
Сағ: 10:55 Ата – анлар  тарапынан қойылатын сұрақ — жауап  
Сағ: 11:10 Қорытынды  

 Елін сүйер сеніңіз, Өз отбасын сүйе алған.

                                                  Қасым Аманжолов

Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын… адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

Антон Семенович Макаренко

Ата-ананың тілегінің қандай екені жөнінде өзіңе айқын есеп беруге тиістісің.

Антон Семенович Макаренко

Ата-ананың қадірін, Балалы болғанда білерсің.

Шал ақын

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.

Ғабиден Мұстафин

Отбасы өмірді кемеліне келтіреді… бақыт әкеледі.

Антон Семенович Макаренко

Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың айқын белгісі.

Александр Сергеевич Пушкин

Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.

                                                        Ғабиден Мұстафин

Колледждегі ата — аналар жиналысының 14.04.2019 жылғы № 13 хаттамасына сәйкес мына төмендегі ата — аналардан, ата — аналар комитетінің құрамы бекітілсін:

  1. Т. Исқақов — ата- аналар комитетінің төрағасы
  2. Г. Үйсінбаева — ата- аналар комитетінің мүшесі
  3. Г. Қыдырова — ата- аналар комитетінің мүшесі
  4. Л. Сагитова — ата- аналар комитетінің мүшесі
  5. С. Жүніс — ата- аналар комитетінің мүшесі
  6. К. Байтөкиева — ата- аналар комитетінің мүшесі
  7. Б. Алдияр — ата- аналар комитетінің мүшесі

Ата — аналармен тығыз байланыс жасау өндіріс шеберлерімен топ жетекшілерге жүктелсін.

Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау және басшылық жасау директордың ТЖЖ орынбасары Т. Мақсутовқа жүктелсін

Негізі: колледждегі ата-аналар жиналысының 14.09.2019 ж.ылғы № 3 хаттамасы

Хаттама

15. 10. 2020 жыл                                                                              Қазығұрт е.м.

№11 колледждің жалпы ата- аналар жиналысы

Қатысқандар: №11 колледж директоры Е. Сасбұқа, дир ТЖЖ орынбасары Т. Мақсұтов, педагог – психолог С. Бахбергенова, әлеуметтік – педагог А. Сүйеубеков, жастар ісі жөніндегі инспектор А. Тілеуов, топ жетекшілер, өндіріс шеберлері және ата – аналар (80-100).

Күн тәртібінде:

  1. ҚР Білім және ғылым министрінің 13. 08. 2020 жылғы № 345 бұйрығындағы 3-қосымшасын  түсіндіру.
  1. Бала тәрбиесіндегі ата – аналардың міндеттемелері.
    1. Құқықбұзушылықтың алдын алу.
    1. Ата – аналар комитетін қайта сайлау.
  2. Ата – аналар мен студенттердің психологиялық педагогикалық біліктілігін арттыру.
  3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық  

     негіздерінің 4-ші бағыты бойынша «Отбасылық тәрбие».

      Жиналысты әлеуметтік – педагог Асхат Еркінбекұлы жүргізіп, жиналыстың мақсатымен міндеттерімен жиналысқа қатысып жатқан колледж әкімшілігімен таныстырып, келесі сөз кезегін дир. ТЖЖ орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлына берді.

      Келесі сөз кезегін дир ТЖЖ орынбасары Талғат Қоңырұлы алып COVID – 19 пандемиясына байланысты №11 колледждегі барлық іс-шаралар қашықтықтан жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Қашықтықтан жүргізіліп жатқан іс-шаралар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 13. 08. 2020 жылғы №345 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес өтіп жатқандығына тоқталды. Жиналыс барысында құқықбұзушылықтың алдын алу  мақсатында және отбасында бала тәрбиесіндегі ата – ананың міндеттемелері қабылданды. Сондай-ақ  колледж студенттерінің ата – аналарымен тығыз байланыс жасау мақсатында ата – аналар комитетінің төрағасын қайта сайлау керектігін айтты. Ата – аналардың дауыс беру арқылы мына төмендегі ата – аналар комитетке қайта сайланды:

Ата – аналар комитетінің төрағысы:                  Исақов Тасболат

Мүшелері:                                                                   Үйсінбаева Гүлжан

                                                                                      Қадырова Гауһар

                                                                                      Сагитова Лилия

                                                                                      Жүніс Сейітжан

                                                                                      Байтокиева Клара

                                                                                      Алдияр Бекжан

      Келесі сөз кезегін баяндамашы Бахбергенова Салиха Мұхтарқызы алып, Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін – өзі сақтау, ұрпақты жалғастыруға, өзін – өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында жанұя жағдай, онда қалыптасқан оң моральдық – психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір – біріне деген құрмет сезімдері, аяғни отбасындағы кіршіксіз таза мөлдір көңіл – күй тікелей ықпал етеді.

    «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілгін білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — деген Әл-Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар және ата-аналар болып қолға алсақ болшағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет деп есептеймін, — деп баяндамасын аяқтады.

   Келесі баяндамашы парасаттылық мектебінің жетекшісі Жаманбаева Гүлжаһан  

«Ата – ана, ұстаз, қоғам – үшеуі

Тәрбиеге болар басты өлшемі,
Бір тұтасып біріктірсе күштерін,
Тәрбиенің қаланады мектебі».


     Тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіріп, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбан нұрын шашады. Адам бойына қандай да бір бейімділік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Адамның кім болмағы, қандай болмағы ата — ана, ұстаз бен қоғамға ғана тәуелді емес, алдымен ол адамның өзіне байланысты. Бірақ адамның бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес. И. Гете айтпақшы: «Біз өз бойымыздағы әдеп сезімін дамытуға тиіспіз, өйткені адамдардың ілтипатынан оп — оңай айырылып қалуы мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Өкінішке қарай ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай келеді». Әдеп адамның өмір сүру дәстүріне байланысты. Сондықтан бала тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп жетіледі. Олар: ой саулығы, тән саулығы, жан саулығы. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор» деген ежелгі грек философы Демокриттің сөзінен «Ой мен жан тәрбиесі – адамгершіліктің шарапатты негіздері, рухани ұйтқысы, мәйегі» деген қорытындыны шығаруға болады. Жақсы қасиеттер кез — келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытымен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Адам бойына дарыған қасиеттерін тану барысында келешегіне болжам жасай алады. Әрине, бала дүниеге келісімен өзін — өзі тануға икемсіз. Сондықтан баланың «Менін» қалыптастырып тәрбиелеуге ата — ана міндетті. – деп баяндамасын аяқтады.

     Келесі сөз кезегін дир ТЖЖ орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлы жиналысқа қатысып жатқан ата – аналарға алғысын білдіріп қаулы шығару керектігіне тоқталы.

Жиналыс қаулы етеді:

  1. COVID – 19 пандемиясына байланысты қашықтықтан өткізілетін барлық іс-шаралар ҚР Білім және ғылым министрінің 13. 08. 2020 жылғы №345 бұйрығының 3- қосымшасына сүйенсін.
  2.  Бала тәрбиесіндегі ата – аналардың міндеттемелері қабылдансын.
  3. Міндеттемелерді қабылдау өндіріс шеберлер  мен топ жетекшілерге жүктелсін.
  4. Жоғарыда аталған ата-аналар ата – аналар комитетінің төрағасы және мүшелері болып қайта бекітілсін.

                             Жиналыс төрағасы:                                   Т. Мақсұтов

                            Хатшы:                                                          А. Сүйеубеков