Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 20-наурыз «Наурыз-Ұлттық спорт күні» мерекесіне орай тәрбие бөлімі және дене тәрбие жетекшісі Ш.Шауполатов бастамасымен, көркемдік жетекші Д.Сыдықов пен дене тәрбиесі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, ұлттық спортты дәріптеу және дамыту мақсатымен колледж алаңында ұлттық спорт түрлерін «Жігіт сұлтаны-2024» номинациясы бойынша жарыс өткізілді. Жарыс ұлттық спорт түрлерінен атап айтар болсақ гір тасын көтеру, асық ату, қол қүрес, арқан тарту бойынша сайыстар өтті. Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзбен директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және оқу ісі орынбасары Қ.Пралиев,бөлім меңгерушісі Ғ.Даршалов жалғап, наурыз мерекесіне ізігі тілектер білдіріп, ұлттық спорт ұлт қазынасы екенін студенттерімізге айта отырып, жарысқа қатысатын сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *