Түркістан облысы білім басқармасы және «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасы тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында дуальды оқытуды кеңінен насихаттау, серпінді ендіру, дамыту, жұмыс берушілермен байланысты нығайту мақсатында колледждер базасында кәсіпкерлердің қатысуымен кездесулер өткізудің жоспары негізінде «№ 11 колледж» МКҚК базасында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Студенттердің шығармашылық жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырылды. Шебер сынып өткізілді. «Дуальды оқытудың тиімділігі» тақырыбында Қазығұрт өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы С.Мамытбеков баяндама жасады.Бәсекеге қабілетті маман даярлауда дуальды оқытуды тиімді екенін және қазіргі талапқа сай білікті,жан жақты, жаңа технологияларды меңгерген,алғыр алдына мақсат қоя білетін маман даярлау колледжбен кәсіпкерлердің тығыз бірлесіп,дуальды оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу керек екендігін айтып өтті.Жарыссөзге басқа мамандықтар бойынша кәсіпкерлер шығып өз ойларын ортаға салды. Жас маман даярлауда бірлесіп жұмыс жасаудың маңызды екендігіне тоқталды.