Хаттама №1
Қазығұрт е.м. 04. 10. 2019 жыл
«Адал жолды таңдаймыз» атты акциясы аясында колледж студенттерімен өткізілген жиналыс
Қатысқандар: 60
Төрағаның аты-жөні: №№11 колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары
Т. Мақсұтов
Хатшының ата-жөні: А. Сүйеубеков
Қатысқандар: 1. Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің
бас маманы Г. Төлегенқызы
2. Қазығұрт аудандық әкімшілігінің заңгері О. Истай
3. Өндіріс шеберлері, топ жетекшілер
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ парызымыз»
Күн тәртібінде:
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
- Әртүрлі мәселелер
Дөңгелек үстелді дир ТЖЖ орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және облыстық білім басқармасының хатына сәйкес өтіп жатқандығына тоқталып өтті.
Келесі сөз кезегін Түркістн облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызына берді. Сөз кезегін алған Гүлмира Төлегенқызы өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген, — деп сөзін аяқтады.
Келесі сөз кезегін баяндамашыларға берді.
Педагог – психолог Бахбергенова Салиха Мұхтарқызы «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы бандамасында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жеті жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол — Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек, — деп баяндамасын аяқтады.
Дөңгелек үстел соңында дир ТЖЖ орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлы қатысып жатқан студенттерге және мұғалімдер мен өндіріс шеберлеріне алғысын білдіріп өтті.
Жиналыстың төрағасы: Т. Мақсұтов
Хатшы: А. Сүйеубеков