Хаттама №4
Қазығұрт е.м. 16. 02. 2017 жыл
«Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жұмыстары жайлы» отырысы
Қатысқандар: колледж студенттері – 120
Төрағаның аты-жөні: №11 колледж директоры Е. Сасбұқа
Хатшының ата-жөні: А. Құланова
Қатысқандар: 1 №11 колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары
Т. Мақсұтов
2. Аудандық жастар орталығының бас маманы С. Қыпшақбаев
3. Өндіріс шеберлері, топ жетекшілер
Тақырыбы: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы
Күн тәртібінде:
- ҚРПрезидентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру.
Тыңдалды: баяндамашы колледждің ӨӨБҰ празиденті М. Бекетова Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз дей келе Елбасымыз қаңтар айының 31-шы жұлдызында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын жария етті. Сонымен қатар Жолдаудағы негізгі басымдықтар: Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа яғни «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.
Цифорлық технологияны қолдану арқылы құралатын жаңа индустрияландыруды өркендетуге тиіспіз.
Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифорлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Сонымен қоса дәстүрлі салаларды да қолдауымыз керек,- деп баяндамасын аяқтады.
Келесі баяндамашы жастар ісі жөніндегі инспекторы Сағынбек Сержан адами капитал сапасын жақсарту:
Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.
Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.
2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз.
Келесі баяндамашы әлеуметтік – педагог Сүйеубеков Асхат макроэкономикалық тұрақтылық:
Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн.
Отырыстың соңында колледж директоры Ержігіт Сасбұқа алып бүгін қатысқан қызметкерлерге және баяндамашыларға өз ризашылығын білдіріп өтті.
Жиналыс қаулы етеді:
- Студенттер арасында жолдауды түсіндіру бойынша жиналыстар, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылып өткізілсін.
Жиналыстың төрағасы: Т. Мақсұтов
Хатшы: А. Құланова