«Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының» 06.05.2022 ж № 28-08-08/1999 шығыс хатына сай, 13.05.2022 ж «Түркістан Ахмет Яссауи кәсіби колледжі» базасында облыстық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында әскери клуб мүшелерінің «Жас сарбаз» слеті болып өтті. Аталған шараға №11 колледж оқу орны қатысып, Әскери әуенмен сапта жүру, Калашников автоматын жартылай шашып жинау, пневматикалық винтовкадан атыс жүргізу, және финалға өткен командалар арасында зияткерлік квест ойыны бойынша жарысқа түсті. Барша қатысушы командаларға «Түркістан Ахмет Яссауи кәсіби колледжі» директорының алғыс хаттары жарияланып, Калашников автоматын жартылай шашып жинау және пневматикалық винтовкадан атыс жүргізу сайысында оқ бойы озық шыққан студенттерге басқарма тарапынан алдағы уақытта ерекше марапатталатыны жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *