Түркістан облысы Қазығұрт ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 06.04.2022 жылғы №80 және 04.04.2022 жылғы №23 бірлескен Бұйрығына сәйкес, 16-20 мамыр аралығында 1-2 курс студенттерімен далалық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізу туралы колледж директорының 10.05.2022 №55-Н бұйрығы берілді.
Осы бұйрыққа сәйкес №11 колледжде 16-20 мамыр аралығында 5-күндік оқу-дала жиыны өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында оқу орнымыздың басшысы Ержігіт Сапарұлы студенттерімізге жылы лебізін білдіріп, арнайы колледжіміздің атынан алғыс хаттармен , белсенді қатысқан студенттерді марапаттады. Оқу – дала жиынының негізгі мақсаты жастардың бойына патриоттық тәрбиені сіңіре отырып, отан сүйгіштікке, елі мен жеріне адал қызмет етуге, мемлекеттің тыныштығы мен оның тұтастығын сақтап қалуға тәрбиелеу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *