№11 Колледж кітапханасында ,,Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 31мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ,,Өзекті өртер шындық » тақырыбында іс- шара болып өтті, кітап көрмесі қойылды.Іс- шараға 1- ші курс студенттері қатысты.Саяси құғын -сүргін құрбандарының өлеңдерін оқыды.Кітапханашы Матиева.Г. студенттерді кітап көрмесімен таныстырды.Бір минуттық үнсіздік жарияланды. Педагог-психолог Бақбергенова.С. баяндама жасады. Мақсаты: Өз ұлтын сүйетін ,ұлтының болашағы үшін өткен тарихтан сабақ алар тұстар көп екенін білетін ұрпақ өз тарихын қалыптастырған өр тұлғаларды ешқашан ұмытпас.Бұл ұлтымыздың тарихы .Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы парыз.Өйткені бұл күн Алаш азаматтарының азалы күні.