Skip to content
- ← №11 колледждің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының «жөндеуші-слесарь» біліктілігі бойынша «Жас маман- жаңа жоба,біздің ертеңіміз» атты семинар » болып өтті Бағдарламаға сәйкес директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Туртаев семинарды ашып , «Жас маман» жобасы аясында алынған техникаларды маңыздылығын айтып өтті. ТжКБ кафедрасының бас маманы Дүйсебаева Жанар : «Еңбек нарығына сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу өзектілігі» туралы, ТжКБ кафедрасының әдіскері Тажмағанбетова Ботакөз»Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жаңа мамандықтар тізбесі» туралы баяндама жасады. Бағдарламаның төртінші кезеңі аға шебер Сейітов Байғали «»Жас маман — біздің ертеңіміз» атты баяндамасында . Қазақстан экономикасын дамытатын, елді алып жүретін келешек мамандар бәсекеге қабілетті, өз елінің патриоты болатындай жастарды тәрбиелеуде сайыстың маңыздылығы керемет екенін атап өтті. Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша №11колледжінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Бұл заманға сай білікті маман әзірлеу мақсатында қолға алынған іс .Негізгі мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау және орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін артыру. Басты міндетіміз колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырту және оны жетілдіру, кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстарын жүргізу.Сондай ақ білім беру үдерісін жаңарту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін даярлау, Бағдарлама бойынша №11 колледж арнайы пән оқытушысы Тілеу Бағдаулет «Дуальді оқыту- кәсіптік білім берудің басты жолы» атты презентациямен №11 колледждің дуальдік оқыту бойынша білім алып отырған, Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы туралы маңыздылығы мен артықшылығына тоқталып өтті. Колледж ұжымының мақсаты: 1. Дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасақтау; 2. Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау; 3. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау; 4. Оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық лабораториялық жабдықтармен қамту; 5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялары- мен және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу; 6. Әлеуметтік серіктестермен байланыста оқушыларды өндірісте тәжірибеден өткізу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болу. «AkNiet agro garden» ЖШС-нің бас огрономы Құралов Берік ««AkNiet agro garden» және колледж арасындағы серіктестік» туралы баяндама жасады.Өз баяндамасында өз кәсіпорындарында №11 колледж студенттері дуальдік оқыту бойынша білім алатынын айта келіп,маңыздылығына тоқталды. Дуальды оқыту жүйесінің колледж немесе арнаулы оқу орындары үшін де тиімділігі жоғары екендігін атап өткен жөн. Олар: колледж өндірістік мекемелермен келісім шарт бойынша іскерлік қарым-қатынас орнатады, колледжді бітірген түлектерге деген қызығушылығы болады. Өндірістік процесстердегі өзгерістермен оқу орындары оперативті түрде ақпараттандырылып отырылады, мамандарға деген сұраныстарды (өндірісте қандай мамандар тапшы) біліп, сондай мамандықтар енгізуге бейімделеді. Оқу мекемесінің тартымдылық беделі артады, студенттер контингенті жоғарылайды. Студенттерді оқу және өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасайды және оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі көп екенін айтып өтті. Бағдарламаның соңғы кезеңдерінде колледждің өндірістік оқыту шеберлері Тасбалта Махат «John Deer W550 i комбайынын маусымдық астық жинау жұмысына дайындау» және Шожиков Мейірбек «Мал азығын дайындау (Landini super 110 тракторы және прес түктеуіш тіркемесімен)» тақырыптарына арнап түсірілген бейне сабақтарын көрсетті. «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығының «жөндеуші-слесарь» біліктілігі бойынша жауапты маманы Қ.Пралиев: өткізілген семинарға қортынды жасап алғысын білдірді
- №11 Колледж кітапханасында ,,Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 31мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ,,Өзекті өртер шындық » тақырыбында іс- шара болып өтті, кітап көрмесі қойылды.Іс- шараға 1- ші курс студенттері қатысты.Саяси құғын -сүргін құрбандарының өлеңдерін оқыды.Кітапханашы Матиева.Г. студенттерді кітап көрмесімен таныстырды.Бір минуттық үнсіздік жарияланды. Педагог-психолог Бақбергенова.С. баяндама жасады. Мақсаты: Өз ұлтын сүйетін ,ұлтының болашағы үшін өткен тарихтан сабақ алар тұстар көп екенін білетін ұрпақ өз тарихын қалыптастырған өр тұлғаларды ешқашан ұмытпас.Бұл ұлтымыздың тарихы .Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы парыз.Өйткені бұл күн Алаш азаматтарының азалы күні. →
Вам также может понравиться