15-НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ 🔹Қайырымдылық күніне орай, «Аға ұрпақты қастерлейік» атты тақырыпта «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және №11 колледж студенттерінің «Жас жігер» ерікті жастарының қатысуымен, жалғыз ілікті қаттарымыздың және еңбек ардагерлер,батыр аналар мүмкіндік шектеулі азаматтардың үйлеріне барып сенбілік жұмыстары жүргізіп,үй шаруашылығына көмектесіп қайтты. 🔹«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» — деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.