16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні! Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының жоспары аясында колледж студенттерімен Қазығұрт Жастар орталығы қызметкерлері бастамасымен және колледж жастар ісі жөніндегі инспектор А.Тілеуов ұйымдастыруымен кездесу болып өтті. Ұлттық құндылықтар бір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ұлттық құндылықтар әр халықтың тарихын, дәстүрлерін сонау көне ғасырлардан біздің уақытқа дейін жеткізген құрал. Біздің қазақ халқын осы ұлттық құндылықтар ел қылып, халық қылып отыр. Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әр қайссынын құрмет тұтуымыз қажет. Себебі ұлттық құндылықтар — ұлттың қазынасы. Осындай ұлттық қазынамыздың арқасында біздің еліміздің жастары салт-дәстүрлерге сай болып, тәрбиелі болып өседі. Бұндай құндылықтар арқылы халықтың рухын сақтаймыз, бірлігіміз қатаяды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *