Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының жоспары аясында 15-наурыз «Наурыз-Мейірімділік мерекесі» күні колледжімізде бірқатар іс-шаралар өткізілді.Атап айтар болсақ, жағдайы төмен отбасыларға,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету үшін «Қамқоршылық кеңес»мүшелерін, колледж қызметкелерін тарта отырып, директордың ТЖЖ орынбасары Т.Максутов және әлеуметтік-педагог Ы.Ибраим ұйымдастыруымен «Қайырымды Ұлт» қайырымдылық акциясы өткізілді.Осы ақциядан жиналған қаражатты колледж қабырғасында білім алатын аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге үлестірілді.