«Қарты бар елдің — Қазынасы бар» 1-қазан Қарттар күні аясында ауданымыздың еңбек ардагерлеріне құттықтау, ұлықтау мақсатында «№11 колледж» МКҚК-ның студенттік парламенттік ұйымының ерікті тобы Қазығұрт аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Сүлеймен Раймбековтың шаңырағына барып құттықтады.Сонымен қатар үй-шаруашылығына жәрдем көрсету мақсатында ауласына тазарту жұмыстарын жүргізді. Үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-аулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *