Қазақстан Республикасының Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және Облыстық білім басқармасы 2015-2025жылдарға арналған Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасаттылық пен адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Саналы ұрпақ- сыбайластыққа жол бермейді» атты байқауы №11 колледж акт залында қыркүйек айының 29-ы күні, студенттер арасында жайдарман сайысы ретінде өткізілді. «Саналы ұрпақ- сыбайластыққа жол бермейді»жайдарман сайысы колледж студенттерін адалдық пен парасатылыққа,әділ болуға,қоғамда өз орнын табуға,жемқорлықпен бірлесе күресуге үндеуге,жастарға әзіл арқылы түсіндіру және жеткізу басты мақсат болды!