Түркістан облысы білім басқармасы №11 колледж МКҚК-ның әдістемелік кабинетінде 2023 жылдың қыкүйек айының 26-шы жұлдызында сағат 09:00 де «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Тәрбие жұмысының жоспары» тақырыбында, колледжішілік әдістемелік-семинар болып өтті.Семинарға Колледж директоры: Е.Сасбұқа, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Т.Мақсұтов, Әдіскер: Ж. Кенжетаева, Бөлім меңгерушісі: Ғ.Даршалов, Педагог- психолог: С. Бақбергенова және топ жетекшілер қатысты. Семинарды ашып беру үшін Колледж директоры Е. Сасбұқаға сөз берілді. Семинар тақырыбымен мақсаты түсіндіріліп болған соң, көңіл күйді реттеу үшін, қызықты тренинг, жаттығулар ұйымдастырылды. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу басты мақсатымыз. Семинар барысында топ жетекшілерге «Бір тұтас тәрбие бағдарламасы»- ұлттық адами құндылықтарға негізделгенін ескере отырып, тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс екендігі айтылды. Семинарда топ жетекшілердің тәрбие жоспарына өзгертулер енгізілгені туралы, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинар өте қызықты және тартысты өтті.