2023 жылы 28 шілдеде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№11 колледж» МКҚК-ның әдістемелік кабинетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқылау бойынша ашық жиналыс өтті. Жиналысқа жұмыс тобының мүшелерінен басқа оқытушылар, қамқоршылық кеңес мүшелері, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры С. Қыпшақбаев, №11 колледж ата-аналар комитетінің төрайымы Сапаркүл Киікбайқызы қатысты. Жиналыс барысында тиісті талдамалық анықтама дайындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары талқыланды.