Түркістан облысы білім басқармасының 18.09.2023жылғы №28-08-08/7026 шығыс хатына сәйкес Еңбек күнін мерекелеу мақсатында: Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шара бағдарламасы түзіліп, сол бағдарлама аясында мереке өткізілді. Осы мақсатта Социалистік Еңбек Ері, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Төле Ағабеков және Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Оңғар Райымбеков ағамыз, сонымен қатар ардагер ұстаздарымыз Нұрлан Айнабеков, Қалдыбай Наушабеков ағаларымызбен кездесу ұйымдастырылды. Студенттермен кездесу колледжіміздегі Төле Ағабеков пен Оңғар Райымбеков ағаларымыздың атына берілген кабинетте өткізілді. Ағаларымыз өмір жолымен, жасаған қызметтерін студенттермен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Колледжіміздің директоры Е. Сасбұқа сөз алып, осы ағаларымыздың жетістігі мен елімізге сіңірген еңбектерін тізбелей келе, студенттерімізге ағаларымыздай азамат болуға өз мамандығының иесі атанып, елімізге адал қызмет етуге үндеді.Сонымен қатар директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Т.Мақсұтов сөз сөйлеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Пралиев баяндама оқыды. Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шара колледждің акт залында өз жалғасын тапты. Колледжіміздің студенттері әсем ән мен көркем би сыйлап, қонақтарымызға керемет көңіл-күй сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *