Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы «11 колледж» МКҚК-да 14-наурыз «Көрісу күніне» арналған іс-шара өтті.Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады.14- наурыз Амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып,өкпе -реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. ,,Бір жасың құтты болсын «, ,,Амал мерекесі құтты болсын», деп бір-бірін құттықтайды. Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып құшақтасады.Сағынып, амандық- саулық сұрасуы дәстүр ретінде сақталып қалған. Дәстүрімізді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып ата- баба дәстүрін дәріптеп, келешек ұрпаққа жеткізу.Жастарымызға ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, амал мерекесінің ерекшіліктерімен таныстыру жәнеде үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.Өз ұлтының салт- дәстүрлерін ұстанып, қадірлеуге тәрбиелеу. Бүгінгі іс- шарамыздың мақсаты да, балаға ұлттық тәлім- тәрбие беру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *