«№11 колледж» де «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығының «жөндеуші біліктілігі» бойынша және «Жас маман» жобасы аясында құрылған құзіреттілік орталығының жоспарға сай өткізілген «Іскерлік көзі ізденісте» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге «Іскерлік көзі- ізденісте» «Білал- ата» шаруа қожалығының торағасы Байғұлов Данияр, қайтарымсыз 5 миллионның жеңіпазы Есімбекова Қарлығаш,№11 колледж арнайы пән оқытушылары,өндірістік оқыту шеберлері,бітіруші топ студенттері қатысып отырды . Облыстық білімді дамыту орталығының мамандары,Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі, 14 колледж, 1 колледж, 12 колледж, 13 колледж, 18 колледж,16 колледж,Конаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі зум платформасы арқылы онлайн қатысты. Бағдарламаға сәйкес Сейітов Байғали ағай «Жас маман» жобасы аясында алынған техникалардың қазіргі уақыттағы тіршілігі туралы және колледжге,студенттерге пайдасы бар екенін айтып өтті. Сонымен қатар, бәсекеге қабілетті маман даярлау бойынша оқыту жоспарларының барлығын жандандырып, өзгертіп жатқандарын жеткізді. Қазақстан экономикасын дамытатын, елді алып жүретін келешек мамандар бәсекеге қабілетті, өз елінің патриоты болатындай жастарды тәрбиелеп шығуымыз керек деп ойлаймын. Білал- ата» шаруа қожалығының торағасы Байғұлов Данияр ағамыз»Іскерлік көзі- ізденісте» екенін айта отырып, «Биогумус» — органикалық тыңайтқышы туралы кеңінен мағлұмат беріп өтті. Ауыл шаруашылығы қалдықтары Биогумус өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болғандықтан, оған деген сұраныс та өте көп. Сол себепті алысқа бармай-ақ өзіңіздің аулаңызда биогумус өндіру өте тиімді. Табиғаттан қажеттіліктерімізді алу үшін оған күтім қажет. Ал күтім үшін арнайы технология қажет емес, тек олардың процесстік әрекетіне жағдай жасасақ жетіп жатыр. Кәдімгі сіз бен біз күн сайын тастап жатқан қоқысты да пайдаға асыруға болады. Дәл осы тұжырым негізінде «Биогумус» кәсібі қолға алынған. Егерде кім осы биогумус өндірумен, пайда тауып іскерлікпен айналысқысы келесе қолынан келгенше көмектесетінін және бағыт — бағдар,жәрдем беретінін нақты айтты. Дөңгелек үстел соңында бітіруші студенттер мен оқытушылар шаруашылық төрағасы Данияр ағамызға сұрақтарын қойып,керекті мағлұматтарын алды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Пралиев: Қашықтықтан өткізілген бағдарламаға сай жоспарланға дөңгелек үстел өз мақсатына жетті. Іскерлікпен айналысып пайда тапқысы келетін жастарға колледж серіктесі Данияр ағамызбен жұмыс жасауға шақырды.Жас маман- қазіргі талапқа сай ,жан-жақты,білікті жаңа технологияларды меңгерген,алғыр, алдына мақсат қоя білетін,рухани бай,тәуекелшіл болуы қажет,осыған орай келген заманауи техникаларды тиімді пайдаланып білім алушыларды болашақ құзіретті маман болып қалыптасуына ықпал жасау керек екендігімізді айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *