- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледж жастары арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында 2021 жыдың қыркүйек айының 28-ші жұлдызында «Діни сауатсыздық — экстремизмнің бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазығұрт ауданының бас имамы Әлімбеков Мұрат Әбуұлы, дир ТЖЖ орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлы, әлеуметтік — педагог Сүйеубеков Асхат Еркінбекұлы және колледж жастары қатысты.
- №11 колледж студенттері арасында патриоттық тәрбие беру мақсатында колледждің топ кураторлары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағатарының барысында Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктері насихатталды.