«Есірткісіз — болашаққа» Ток- шоу

2020 жылдың 23 қыркүйек күні № 11 колледжінің әмбебап кітапханасында «Есірткісіз — болашаққа» атты ток- шоу өткізілді.

  Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оқырмандарды зиянды әдеттерден аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.

Шараға аудандық наркологиялық орталықтың дәрігер наркологы Д. Сейдуәлиев, «Алимед» медициналық орталығының бас дәрігері Д. Әлтенов валеология пәнінің оқытушысы Б.Б. Абиханова, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А. Серкебаев және «Жастар» орталығының меңгерушісі П. Ырсалы қатысты.

  Қонақтар көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға қызықты әрі нақты жауап беріп, шара соңында оқырмандарға наркологиялық орталықтан келген маман буклеттер мен парақшалар таратты.

  Оқырмандар назарына «Есірткіге жол жоқ!» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *