№ 11 колледж МКҚК-да «Тамақтандыруды ұйымдастыру» «Аспазшы» мамандығының апталық қорытындысы болып өтті. Қорытындыда «Worldskilles» чемпионаты негізінде топ аралық жарыс ұйымдастырылып, студенттер 1, 2, 3 модуль бойынша тапсырмаларын орындады. Сарапшы мамандар жарыс барысын бақылап студенттерді Объективті және Субъективті бағалап, тиісті марапаттарын ұсынды.

Читать далее

№ 11 колледж МКҚК-да «Мамандығым мақтаныщым» атты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Аспазшы мамандығы апталығында, Жоспар бойынша арнайы пән оқытушысы Абилдаев К. Тақырыбы: КМ.01.ОН.1.5.»Қарын бүрме» тағамына Шебер сынып өткізді. Сабақ барысында күтілетін нәтиже: 1. Қазақтың ұлттық тағамдарын біледі. 2. Қарын бүрме тағамының дайындалу тәсілдерін меңгереді. 3. Тағамды Объективті және Субъективті бағалай біледі.

Читать далее

№ 11 колледж МКҚК-да «Мамандығым мақтаныщым» атты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Аспаз мамандығы апталығы өтіп жатыр. Жоспар бойынша арнайы пән оқытушысы Айнабекова Ф. Тақырыбы: КМ.01.ОН.1.4.»Ет қосылған бәліш»(Мясной пирог) Шебер сынып өткізлі. Сабақ барысында күтілетін нәтиже: 1. Қамыр илеу барысын. 2. Қамыр түрлерімен дайындалу тәсілдеріне түсінік қалыптастырады. 3. Еттен салмалар дайындайды біледі.

Читать далее

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. Мақсат — экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату. Қатысушылар (мақсатты аудитория) — басшылар және (немесе) өкілдер: — қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар); — дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар; — мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар; — колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар; — жергілікті атқарушы органдар; — «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы; — жұмыс берушілер қауымдастығы; — ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер; — бұқаралық ақпарат құралдары. Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы (өңірлік білім басқармасымен келісіліп ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі). Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылады: 1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары); 2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері; — кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.); — жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (слайд көрсету, кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы); 3) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» іскерлік ойындарын, пікірталас, тәлімгерлермен тренингтерді, кәсіпорындармен танысу экскурсиялары, жұмыс берушіден жаңа технологияларға шолу жасау бойынша қонақ лекцияларын өткізу; 4) жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің үздік жұмыс берушілерді грамоталарымен (құттықтау хаттарымен) марапаттауды ұйымдастыру; 5) меморандумдар мен келісімдерге қол қою; 6) колледж ұжымының шығармашылық тұсаукесерін, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, көрмелерді және т.б. ұйымдастыру.

Читать далее

№ 11 колледж МКҚК-да «Мамандығым мақтанышым» атты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Аспаз» апталығының жоспарға сай Көрмесі өткізілді. Жауаптылар: мамандық бойынша арнайы пән оқытушылары. Сапарбаева Ж. Абдирова Ж. Айнабекова Ф. Абилдаева Қ.

Читать далее

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «№ 11 мколледж» МКҚК-ның кітапханашысы Г.Матиева, педагог-психолог С.Бахбергенова және топ жетекшілер, студенттердің қатысуымен «Кітапхана — көркем ойымыздың кепілі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: студенттерге кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу.

Читать далее

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «№ 11 колледж» МКҚК-ның Парасаттылық мектебінің жетекшісі Г.Жаманбаева «Парасаттылық мектебі» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: студенттерді адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әділдікке, отансүйгіштікке баулу.

Читать далее

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «№ 11 колледж» МКҚК-ның АКТ залында «Құқықтық тәрбиені қалыптастыруда отбасының рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Пралиев, әдіскер Ж.Кенжетаева, педагог-психолог С.Бахбергенова, әлеуметтік педагог Ы.Ибраим, жастар ісі жөніндегі инспектор А.Тілеуов және топ жетекшілер, студенттер қатысты. Мақсаты: студенттерге құқықтық білім бере отырып, құқықтық санасын қалыптастыру. Студенттерге құқықтық білім беру арқылы ол өз құқығын түсініп, тұлғаларының дамытады. Сонымен қоса басқа тұлғаларды, заңды құрметтеуді үйренеді және заңның әділдігін сезініп, оларды орындауға деген дағдысын, санасын қалыптастырады. Құқықтық тәрбиенің негізі отбасынан басталады. Өйткені отбасы ол балаға ең жақын әлеуметтік орта.

Читать далее

№ 11 колледж МКҚК-да «Мамандығым мақтаныщым» атты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Аспаз мамандығы апталығы өтіп жатыр. Жоспар бойынша арнайы пән оқытушысы Сапарбаева Ж. Тақырыбы: КМ.02.ОН.2.2.»Әр түрлі салмалармен өнім пісіру жолдарымен, оларға қойылатын талаптар». Сабақ барысында күтілетін нәтиже: 1. Салмаларды ажыратады біледі. 2. Қамыр түрлерімен дайындалу тәсілдеріне түсінік қалыптастырады. 3. Көкөніс салмаларын дайындау барысында кесу түрлерін біледі.

Читать далее