Skip to content
- ← Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «№ 11 мколледж» МКҚК-ның кітапханашысы Г.Матиева, педагог-психолог С.Бахбергенова және топ жетекшілер, студенттердің қатысуымен «Кітапхана — көркем ойымыздың кепілі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: студенттерге кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу.
- КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. Мақсат — экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату. Қатысушылар (мақсатты аудитория) — басшылар және (немесе) өкілдер: — қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар); — дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар; — мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар; — колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар; — жергілікті атқарушы органдар; — «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы; — жұмыс берушілер қауымдастығы; — ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер; — бұқаралық ақпарат құралдары. Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы (өңірлік білім басқармасымен келісіліп ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі). Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылады: 1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары); 2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері; — кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.); — жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (слайд көрсету, кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы); 3) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» іскерлік ойындарын, пікірталас, тәлімгерлермен тренингтерді, кәсіпорындармен танысу экскурсиялары, жұмыс берушіден жаңа технологияларға шолу жасау бойынша қонақ лекцияларын өткізу; 4) жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің үздік жұмыс берушілерді грамоталарымен (құттықтау хаттарымен) марапаттауды ұйымдастыру; 5) меморандумдар мен келісімдерге қол қою; 6) колледж ұжымының шығармашылық тұсаукесерін, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, көрмелерді және т.б. ұйымдастыру. →
Вам также может понравиться