Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «№ 11 колледж» МКҚК-ның педагог-психологы С.М.Бахбергенова, әлеуметтік-педагог Ы.Ибраим, жастар жөніндегі инспекторы А.Тілеуов, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның психологы А.Ермаханова, Ж.Нурмахан, Қазығұрт ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшы орынбасары М.Абдулаева, психологы Қ.Маштековалардың қатысуымен «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу және сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Тренинг қатысушыларына жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында әр түрлі жаттығулар өткізілді.

Читать далее

1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай № 11 колледжде Қазығұрт ауылындағы мектеп ұстаздары арасында Волейболдан жарыс өтті.I-орын Ащыбұлақ мектебі ІІ-орын № 11 колледж ІІІ-орын Т.Рысқұлов мектеп-лицейі.Командалар жүлделермен марапатталды.

Читать далее

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты колледждер студенттері арасында 2023 жылдың 24-28 сәуір аралығында «WorldSkills TURKESTAN-2023» облыстық чемпионат өткізілуде.Бүгін 24 сәуір күні чемпионаттың ашылу рәсімі болып өтті.Чемпионаттың ашылу рәсіміне «№ 11 колледж» МКҚК студенттері мен жетекшілері қатысты.Шығармашылық көрмеге жаңа инновациялық жобалар мен техникалық және қолөнер бұйымдары қойылды.Көрмеге қойылған инновациялық,шығармашылық бұйымдарды бағалау мақсатында комиссия түзіліп,қорытындысы алдағы күндері жарияланатын болады.

Читать далее

12 сәуір 2023 жылы №64 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушылары № 11 колледждің техникалық базасымен танысу үшін экскурсия жүргізді. Колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Пралиев пен аға шебер Б.Сейтов таныстырып жүрді.

Читать далее

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «11-колледж» МКҚК-ның педагог-психологы С.М.Бахбергенованың ұйымдастыруымен «Өмір қымбатсың сен маған!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг мақсаты: білім алушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету, өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатнаста болуын қалыптастыру, өмір құндылықтарын сезіндіру.

Читать далее

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «11-колледж» МКҚК-ның педагог-психологы С.М.Бахбергенова мен мейірбике Д.Қыбыраеваның қатысуымен «Сіздер есейіп келесіздер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын,ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатнасын қалыптастыруға ықпал ету.

Читать далее

ШАХМАТ ОЙНАУ ЧЕЛЕНДЖІ Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министірлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Республикалық Шахмат ойнау челенджіне Қазығұрт ауданының №11 колледжінің білім алушылары белсене қатысты. Шахмат — білім алушылардың зейінін ашып, логикалық ойлауын, тез шешім қабылдауын,ақыл — ой қабілеттерін дамытатын ойын.

Читать далее

«САЛТЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» Ұлыстың Ұлы Күні — Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің — әз Наурыз!» он күндік мерекелік шараларының жоспарына сәйкес, колледж топ жетекшілері «Салтым — асыл қазынам» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Наурыз мейрамы мен оның қазақ даласындағы орны жайлы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, әдет ғұрпымызды насихаттап, студенттерді өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Читать далее