Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «11-колледж» МКҚК-ның педагог-психологы С.М.Бахбергенова мен мейірбике Д.Қыбыраеваның қатысуымен «Сіздер есейіп келесіздер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты: жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын,ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатнасын қалыптастыруға ықпал ету.