Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «№ 11 колледж» МКҚК-ның педагог-психологы С.М.Бахбергенова, әлеуметтік-педагог Ы.Ибраим, жастар жөніндегі инспекторы А.Тілеуов, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның психологы А.Ермаханова, Ж.Нурмахан, Қазығұрт ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшы орынбасары М.Абдулаева, психологы Қ.Маштековалардың қатысуымен «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу және сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Тренинг қатысушыларына жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында әр түрлі жаттығулар өткізілді.