Ұстаздар күніне арналған сценарий
Фонфарь
1-жүргізуші: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, — деп ақын Ғ.Қайырбеков ағамыз жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
2-жүргізуші: Құттықтау сөз №11 колледж директоры Сасбұқа Ержігіт Сапарұлына және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлына сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. – дей келе колледж студенттерінен ____________________________ әнімен қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең, сенің екі анаң бар.
Бірі – сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң – ұстаз деген данаң бар дей келе колледж студенттерінің орындауында _________________________________________ әнін қарсы алаңыздар
1-жүргізуші: Ұстаз ана – болашақтың анасы,
Ұстаз ана – ақыл – білім анасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы. — дей отырып колледж студентті _______________________________________орындауында биді қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
Артсын сенің абыройың, берекең.
Осы күні ұлы тойды тойлайық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең! Колледж студенттерінен құралған ________________________________________ әнімен қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: Ұстаз болу – менің игі арманым,
Ұстаз болу – жалындаған жас шағым, — __________________________________ колледж студенттерінен құралған би ұжымын қабыл алыңыздар
2-жүргізуші: Ұстаз болу – биік шыңның шырағы,
Ұстаз болу – құрмет, даңқтың тұрағы. Студенттердің орындауында __________________________________________ әнін қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең,
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,
Мәні менен мағынасын білмес ең, — деп колледж студенттері Қуатбекова Сабина және Қуаныш Нурланның орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Құрметті Ұстаздар! төл мерекесі құтты болсын, жылдан-жылға шәкірттеріміз, мектеп бітіруші түлектеріміз мектебіміздің мерейін биікке көтере берсін! «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» демекші, қандай қиындық болмасын бәрін жеңіп, тек биік шыңдардан көріне беріңіздер! Осымен мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймын. Ден қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!