Бiз діни экстремизмге қарсымыз
Діни экстермизм — қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггресивті түрде насихаттау. «Діни экстермизм» терминінің нақты құқықтық белгіленген «шекарасы» жоқ және ол саяси эксремизм сияқты дәни догмалардың арасында қызметін жүргізеді. Діни экстермизмді саяси қызығушылықтарын іске асыру жолындағы, мемлекеттік және халықаралық құқықты мойындамайтын, зорлық әдістерінің діни лозунгтары ретінде анықталуы мүмкін. Көбінесе ол саяси жағдайларда қолданылады: діни ұйымдардың мемлекетке немесе басшылыққа конфессиялардың бірінің өкілдері билікке келуі.
Діни экстремизнің пайда болуына алып келетін факторлар:
- халықтың тұрмыс деңгейінің төмен болуы;
- халықтың діни сауатсыздығы;
- жұмыссыздық деңгейінің өсуі.
Ресми мәліметтер бойынша 2012 жылдың 25 қарашасына Қазақстанда шамамен 17 конфессия мен бағытты ұстантын 3088 діни бірлестіктер бар.
Бүгінгі күні елде ресми түрде көптеген экстреминалды және террористік ұйымдардың қызметтеріне тыйым салынған. Олардың қатарына «Әл – Каида», Өзбекстаннның исламдық қозғалысы», «Шығыс Түркістанның исламдық париясы» және т.б. жатады. Ал, Қазақстандағы белгілі экстреминалды ұйым «Хизбут – Тахрир» болып табылады. Ол ұйымның мүшелері жаһандық исламдық халифаттың ұйымдастырылуы, АҚШ пен Израилге қарсы насихаттар және мұсылман елдерінде биліктің кеткеніне шақыру, насихаттау дисктері мен брошюраларын таратуда. Қырғызстанда болған жағдай сияқты, «Хизбут-Тахрир» өзінің назарын әйел адамдарын тартуға аударған. Себебі, оларды заңсыз саяси қызметпен байланысы бар екеніне ер адамдардан қарағанда азырақ күдіктенеді. Сонымен қатар, әйелдер жанұя арасындағы «байланыстырушы» болып табылады. Діни-экстреминалдық бағытын ұстанатын партиялар жылда жылға біздің елдін азаматтарын өз қатарларына өсіп келеді. Экстремистік әдебиеттердің таратылуы да көбеюде. Жазаларын өтеу орындарында отырған адамдар арасында да үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, бостандыққа шыққан адамдар осы ұйымдардың қатарын толтыруда.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Таблиги Джамаат деп аталатын мұсылман бірлестігі кең таралған, ол Құран мен сүннеге негізделген. Бұл қозғалыс ресми түрде тіркелмеген, бірақ оның қызметіне ешқандай кедергі жоқ. Таблиги Джамаат 1926 жылы Үндістанда Маулан Мұхаммед Ілияспен құрылған британ колониализміне қарсы қозғалысқа ұқсас келеді. Таблигистердің ұйымдастарушылық орталықтары Пәкістанда орналасқан, оның бөлімшелерін көптеген елдерде бар. Қозғалыстың басты мақсаты – ислам дінің әлемнің барлық жеріне тарату болып табылады.
Қазіргі күні Қазақстаннаң Үкіметі діни – экстремалдық ұйымдардың әрекеттеріне қарсы күрес жүргізуде. Экстремизмге қарсы іс-шараларды жүргізі үшін қаржыландыру да көбейтілген, 2012 жылы ІІМ бөлінген ююджеттің жартысы экстремизмен күресуге бағытталған.
Осы күнге 2011 жылдың 11 қазаны №483- IV «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Мақсаты – құқықтық реттеу арқылы негізгі діни бірлестіктерді және жеке тұлғалардың діни қызметін біріктіп ҚР заңнамаларын жетілдіру.
Ертеден бері Қазақстан Шығыс пен Батыстың әртүрлі діндері мен мәдениеттердің тоғысқан орны болып келеді.
Қазақтардың мәдени-этникалық дәстүрінен берілген рухани шыдамдылығы қазіргі және болашақта азаматтық қоғамда сақтап қалуға жақсы ықпал етеді. Қазақстан барлық діни ағымдарға мұсылмандарға, православтарға, католиктерге, протестанттарға, иудейлерге абсолютті түрде еркіндік берген. Діни институттардың сапа мен саны жағынан біршама өсу байқалады. Құрбай айт және Рождество Христово Діни мейрамдары демалыс күндері деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Астана қаласында 2003, 2006, 2009 және 2012 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының Съезді өтті. Осы форумдардың өтуі, елдің дұрыс сыртқы саяси бағыт таңдағаны жайлы және конфессияаралық байланыстың қазақстандық моделінің нәтижелілігін көрсетеді.
Қазақстанда жасалған мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы айланыс моделі құқық пен сенушілердің еркіндігінің демократиялық принципін сыйлауға негізделген. Бұл елбасы Н.Назербаевтың жемісті еңбегінің нәтижесі.
Кураторлық есептің нәтижесінде келесідей қорытынды жасалды:
- Мемлекеттік билік органдары мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасандығы байланысты нығайта түсу, ең алдымен, саяси – діни экстермизмге, терроризмге қарсы күрес;
- Муниципалды органдар ерекше көңілді халықтың ұлттық шыдамдылыққа негіздеп тәрбиелеу, дін және саяси экстремизм мен терроризм идеологяиларын қабылдамауға тәрбиелеу;
- ҚР халықаралық этноконфессионалды саясатын жетілдіру және сеператизм мен терроризмдімен байланысты исламның экстреминалды ағымымен күресу;
- Мемлекеттік деңгейде жастарды әлеуметтік –экономикалық және моралды қамтамасыз ететін белсенді мемлекеттік жастар саясатын құрып, оны орындау;
- Құқық кафедрасында дірңс беретін оқытушылар арасынан дінтанушы мамандардың діни экстремизмге қарсы алдын алу жұмысын күшейту;
- Біздің халықтың рухани байлығына, дәстүріне кең түрде насихат жүргізу: патриотизм, сенімділік, болашақ ұрпақтың тағдырына деген жауапкершілік сияқты мәселелерді қарастыратын жастар арасында акциялар, ток-шоу, дөңгелек үстелдер өткізу, т.б.
Діни экстремизм тақырыбы қазіргі таңда өте белсенді айтылуда, ол студенттермен бекерге зерттелген жоқ. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен же таныс болуы керек.