Хаттама

Қазығұрт е.м.                                                                       14. 11. 2019 жыл

Саналы ұрпақ жобасы аясында «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қатысқандар: 60

Төрағаның аты-жөні: №№11 колледж  директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

                                        Т. Мақсұтов 

Хатшының ата-жөні: А. Сүйеубеков

Қатысқандар: 1. №11 колледж  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Пралиев

                           2. Парасаттылық  мектебінің төрайымы Г. Жаманбаева

                           3. Жастар ісі жөніндегі инспектор А. Тілеуов

                              4. Колледждің  жастар  ұйымы  және  студенттер

Тақырыбы:    «Адал ұрпақ – жарқын болашақ»

Күн тәртібінде:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес — баршамызға ортақ іс
  2. Әртүрлі мәселелер

      Дөңгелек үстелді әлеуметтік – педагог Сүйеубеков Асхат Еркінбекұлы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өтіп жатқандығын айтып өтті.

    Келесі сөз кезегін дир ТЖЖ орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлына берді. Сөз кезегін алған Мақсұтов Талғат Қоңырұлы сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген, — деп сөзін аяқтады.

   Келесі сөз кезегін баяндамашыларға берді.

   Парасаттылық мектебінің төрайымы  Жаманбаева Гүлжаһан Тұрсынбайқызы бiз XXI ғасырдың жаңа қоғамында өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болып табылады және бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Сондай-ақ, шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік — «параға сатып алу», «пара беру» деген мағына береді.Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.  Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын болмауы тиіс. Қоғамның барлық күшін біріктіріп, осы дерттің одан әрі күшеймеуі үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана ғасыр дертіне тиімді түрде қарсы тұруға болады. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

     Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық әрбір Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы, — деп баяндамасын аяқтады.

   Келесі баяндамашы КӨӨБҰ-ның Президенті Абдукадирова Балнұр  ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді. Президенттің жолдауында белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі — лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Қазақстан — көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет, — деп баяндамасын аяқтады

      Дөңгелек үстел соңында әлеуметтік – педагог Сүйеубеков Асхат Еркінбекұлы қатысып жатқан студенттерге және мұғалімдер мен өндіріс шеберлеріне алғысын білдіріп өтті.

Жиналыстың төрағасы:                                        Т. Мақсұтов  

Хатшы:                                                                     А. Сүйеубеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *