2022 жылдың 14-қазанында № 11 Колледж МКҚК-ның үлкен залында ,25-қазан Республика күніне орай,,Оқуға құштар колледж» жобасы аясында танымал спортшылармен шығармашылық кездесу болып өтті.Колледжіміздің ұстаздары мен студенттер арасында, кітапханашы Г.Матиева мен дене тәрбие мұғалімі Шауполатов .Шарахымның ұйымдастыруымен ауданымыздың танымал спортшылары, Қазығұрт мақтаныштары : Қасымбеков Сабит Өмирзакұлы (боксшы) және Наушабеков Нұрболат Малдыбайұлы (дзюдошы) кездестік. Іс-шараны Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Мақсутов,директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қ.Пралиев ашып ,кеш қонақтарымен таныстырды. Іс-шараның мақсаты: жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың спортқа деген сүіспеншілігін ояту,салауатты өмір салтын ұстану. Спортшыларымыздың жетістіктерімен танысып үлкен әсерде болды. Самбодан Республикалық турнирдің чемпионы,Ашық Чемпионаттың күміс жүлдегері ,Халықаралық жарыстың қола жүлдегері,Халықаралық жарыстың қола жүлдегері,Самбо күресі,Қазақ күресі және Ушу-Санда жекпе жегінен ҚС спорт шебері ,Дзюда күресінен 1-ші,Дан,қара белбеу иесі.Қазақ күресінен,Белдесу күресінен Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері .Орта Азия чемпионатының қола жүлдегері басқада көптеген жетістіктерімен танысты.Бұл жетістікке тек еңбектің арқасында келгенін айтып өтті.Алған грамота, медаль ,кубоктарымен таныстырды. Кеш соңында: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Мақсұтов спортшыларымызды алғыс хатпен және естелік ретінде ,,Кәсібім менің — нәсібім менің»атты кітаппен марапаттады.Студенттеріміз көптеген сұрақтар қойып ерекше әсерде болды. Колледжіміздің студенті Абразақ Ақбілек сөзге шығып ,барлық мамандықтың тамыры болған ұстаздарға ,Қазығұртымыздың танымал спортшыларына алғысын айтып,тамаша әсер алғанын айтып сіздермен мақтанамыз деп сөзін аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *