Хаттама

Қазығұрт е.м.                                                                             23. 12. 2019 жыл

«Бір пара екі қылмыскер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қатысқандар: 60

Төрағаның аты-жөні: №№11 колледж  директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

                                        Т. Мақсұтов 

Хатшының ата-жөні: А. Сүйеубеков

Қатысқандар: 1. №11 колледж директорының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары     

                               Б. Тұртаев

                           2. №11 колледж  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Пралиев

                             3. Өндіріс шеберлері, топ жетекшілер

Тақырыбы:    «Бір пара екі қылмыскер»

Күн тәртібінде:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы
  2. Әртүрлі мәселелер

      Дөңгелек үстелді әлеуметтік – педагог Сүйеубеков Асхат Еркінбекұлы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өтіп жатқандығын айтып өтті.

    Келесі сөз кезегін №11 колледждегі Парасаттылық мектебінің жетекшісі Жаманбаева Гұлжаһан Тұрсынбайқызыалып өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. — деп сөзін аяқтады.

   Келесі сөз кезегін баяндамашыларға берді.

   КӨӨБҰ білім министрі Н. Олжабай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» тақырыбында баяндамасында Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі — лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы, — деп баяндамасын аяқтады.

 Келесі баяндамашы КӨӨБҰ Мәдениет министрі Ә. Мубарак Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру» тақырыпта баяндамасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу». Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара  алу не беру болып табылады.Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің тиімділігіне деген се­нім­ді сетінеттін ұлттық қауіп­сіз­­ді­к­ке төнген тікелей қатер ретінде атап көрсетті.

Стратегияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықпен күресу емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты  кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде жаңа ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Яғни, идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін атап өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет, — деп баяндамасын аяқтады.

    Дөңгелек үстел соңында әлеуметтік – педагог Сүйеубеков Асхат Еркінбекұлы қатысып жатқан студенттерге және мұғалімдер мен өндіріс шеберлеріне алғысын білдіріп өтті.

Жиналыстың төрағасы:                                        Т. Мақсұтов  

Хатшы:                                                                     А. Сүйеубеков

Хаттама №4

Қазығұрт е.м.                                                                          16. 02. 2017 жыл

«Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жұмыстары жайлы» отырысы

Қатысқандар: колледж студенттері – 120

Төрағаның аты-жөні: №11 колледж директоры Е. Сасбұқа

Хатшының ата-жөні: А. Құланова

Қатысқандар:    1 №11 колледж  директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

                               Т. Мақсұтов 

                              2. Аудандық жастар орталығының бас маманы С. Қыпшақбаев

                                  3. Өндіріс шеберлері, топ жетекшілер

Тақырыбы:    «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

                          Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы

Күн тәртібінде:

  1. ҚРПрезидентінің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру.

Тыңдалды:  баяндамашы колледждің ӨӨБҰ празиденті М. Бекетова Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз дей келе Елбасымыз қаңтар айының 31-шы жұлдызында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».

     Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын жария етті. Сонымен қатар Жолдаудағы негізгі басымдықтар: Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа яғни «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

      Цифорлық технологияны қолдану арқылы  құралатын жаңа индустрияландыруды өркендетуге тиіспіз.

      Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифорлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Сонымен қоса дәстүрлі салаларды да қолдауымыз керек,- деп баяндамасын аяқтады.

      Келесі баяндамашы жастар ісі жөніндегі инспекторы Сағынбек Сержан адами капитал сапасын жақсарту:

      Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.

Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.

       2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз.

      Келесі баяндамашы әлеуметтік – педагог Сүйеубеков Асхат макроэкономикалық тұрақтылық:

     Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн.

          Отырыстың соңында колледж директоры Ержігіт Сасбұқа алып бүгін қатысқан қызметкерлерге және баяндамашыларға өз ризашылығын білдіріп өтті.

Жиналыс қаулы етеді:

  1. Студенттер арасында жолдауды түсіндіру бойынша жиналыстар, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылып өткізілсін.

Жиналыстың төрағасы:                                        Т. Мақсұтов  

Хатшы:                                                                     А. Құланова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *