4

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 19. 11. 2020 жылғы №04/3567 шығыс хатына сәйкес 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклының «Бір ел, бір тағдыр» атты деректі фильм тақырыбына арналған эссе байқауына 21 топтан 42 студент қатысты. Бұл эссе байқауының қорытындысында мына төмендегі колледж студенттері жеңімпаз атанды.1. Өтел Нұрсезім 78 топ ІІ курс2. Адилханова Ардақ 78 топ ІІ курс3. Абдукадирова Балнұр 72 топ ІІІ курсҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклының «Жаңғыру жолы» деректі фильм аясында Шымкент қаласында орналасқан облыстық бейнелеу өнері музейіне әлеуметтік желілер арқылы онлайн экскурсияға І курс 88 топтан 25 студент қатысты.Сонымен қатар «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклының «Болашаққа бастар жол» деректі фильм аясында 2020 жылдың қараша айының 16 – 21-ші жұлдызы аралығында 21 топтан 506 студентке қашықтықтан кураторлық сағаттар өткізілді.Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклының «Парасатты шешім» деректі фильм аясында «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент – Елбасының рөлі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн конференция өткізілді. Бұл конференцияға 81 студент қатысты.Аталған барлық іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *