Қазығұрт ауданы № 11 колледжде ҚР халықтар тілдер мерекесіне және ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Тіл-баға жетпес мұра» онкүндігі аясында ағылшын тілі пәні оқытушысы Г.Тастанбекова 1-курс студенттеріне «А.Baitursynov — a great leader of Kazakh nation» тақырыбында сабақ өткізді. Білім алушылар ұлы қайраткердің өмір жолы, жазған шығармалары мен қоғамдық қызметі туралы ақпараттармен бөлісіп, ақынның ағылшын тіліне аударылған өлеңдерін оқыды. Оқытушы А. Байтұрсыновтың ағартушылық қызметіне ерекше тоқталып, жастардың білім алуына, ұлттық тілдің дамуына қосқан үлесін атап көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *