№ 11 колледжде жастар істері жөніндегі инспектор Тілеу Ақтөре Омарұлының ұйымдастырумен «Sanaly urpak» клубы мүшелеріне студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу мақсатында «Адалдықтың бастауы-саналы ұрпақ» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, оларды әділдік пен адалдық қағидаларын ұстануға бағыттау болып табылады.