«Қайырымдылық – ізгі іс» тақырыбындағы қамқорлық акциясы туралы мәлімет

«№11 колледж» МКҚК «Қамқоршылық кеңесінің» мүшелерінің қатысуымен 2021 жылдың ақпан айының 11-ші жұлдызында колледж әдістемелік кабинетінде «Қайырымдылық — ізгі іс» тақырыбында қамқорлық акциясы өткізілді. Бұл қамқорлық акциясына облыстық мәслихат депутаты, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы», «Сапа — 2002» ӨК төрағасы Әшіров Нұржан Сапабекұлы, колледж директоры Сасбұқа Ержігіт Сапарұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мақсұтов Талғат Қоңырұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КМ-нің директоры Ырсалы Перизат, «Әділет — 5» шаруа қожалығының төрағасы Сманов Әділет Ерматұлы, «Шлакоблок өндіру цехының» төрағсы Нұран Берік, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас маманы Орынбаев Бағдат, әлеуметтік — педагог Сүйеубеков Асхат Еркінбекұлы, №11 колледждегі ата — аналар комитетінің мүшесі Тастанбеков Болат және Қазығұрт ауданының бас имамы Әлімбеков Мұрат қатысты. Жоғарыда аталған кәсіпкер ағаларымыз №11 колледждегі тұл жетім, жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, әлеуметтік жағдайы  төмен отбасынан шыққан студенттерге азық — түлік және қаржылай әлеуметтік жәрдем көрсетті. Колледж әкімшілігі  және көмек алған студенттердің ата — аналары кәсіпкерлерге алғыстарын білдірді.

Әлеуметтік желідегі сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=490947812309442&id=100041826823517&anchor_composer=false

«Қайырымдылық – ізгі іс» тақырыбындағы қамқорлық акциясынан

көріністер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *