25 — Қазан Республика күніне орай №11 колледждің қызметкерлері 20- қазан күні жалпы халықтық сенбілікке атсалысты. Колледж қызметкерлері тазалық жұмысында; жол бойындағы арықтарды күл қоқыстан тазартып, колледж ауласын ретке келтіріп ағаш қалдықтарынан тазартты. Бұл сенбілік тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелердегі тазалықты сақтау, экологиялық мәдениеттін қалыптастыруына бағытталды.

Читать далее

25 қазан Республика күні құтты болсын! Ел бірлігі мықты боп, тыныш болып еліміз, несібеміз мол болсын! Қазығұрт ауданы 11 Колледж МКҚК- нің кітапханасында студенттер арасында Республика күніне орай сурет конкурсы болып өтті.Тәуелсіздік туған жер,өскен орта , атамекен сынды құндылықтарды, шығармашылық жұмыстарына қосып, суреттерде бейнелеуге тырысып бақты. Колледжіміздің 12- 18 топ студенттер арасынан Байтілес Ерсін, Монтаева Салтанатттың суреттері орынға ие болды.

Читать далее

Қазақстан Республикасының Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және Облыстық білім басқармасы 2015-2025жылдарға арналған Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасаттылық пен адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Саналы ұрпақ- сыбайластыққа жол бермейді» атты байқауы №11 колледж акт залында қыркүйек айының 29-ы күні, студенттер арасында жайдарман сайысы ретінде өткізілді. «Саналы ұрпақ- сыбайластыққа жол бермейді»жайдарман сайысы колледж студенттерін адалдық пен парасатылыққа,әділ болуға,қоғамда өз орнын табуға,жемқорлықпен бірлесе күресуге үндеуге,жастарға әзіл арқылы түсіндіру және жеткізу басты мақсат болды!

Читать далее

«Қарты бар елдің — Қазынасы бар» 1-қазан Қарттар күні аясында ауданымыздың еңбек ардагерлеріне құттықтау, ұлықтау мақсатында «№11 колледж» МКҚК-ның студенттік парламенттік ұйымының ерікті тобы Қазығұрт аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Сүлеймен Раймбековтың шаңырағына барып құттықтады.Сонымен қатар үй-шаруашылығына жәрдем көрсету мақсатында ауласына тазарту жұмыстарын жүргізді. Үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-аулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілейміз.

Читать далее

Түркістан облысы білім басқармасының 26.09.2023жылы 42-01-11/7191 шығыс хатына сәйкес №11 колледж МКҚК-да 28.09.2023жылы колледж Акт залында барлық топ студенттеріне жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында бірінғай «Адалдық сағаты» өткізілді.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Мақсұтов «Парасаттылық адал ұрпақтың айнымас серігі» Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және сенім құндылықтары жайлы баяндама жасады.Болашағы зор жас ұрпақты тәрбиелеуге ерінбей еткен ұстаздардың қызметін бағалайтын патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деп сенім білдірді.Жалпы студенттер « Адалдық сағаты» жөніндегі Қоғам және мәдениет қайраткері «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, ұлт және тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы қатысуымен дайындалған видеороликті көріп,ризашылықтарын білдіріп,өмірге деген құштарлықтары оянды.

Читать далее

Түркістан облысы білім басқармасы №11 колледж МКҚК-ның әдістемелік кабинетінде 2023 жылдың қыкүйек айының 26-шы жұлдызында сағат 09:00 де «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Тәрбие жұмысының жоспары» тақырыбында, колледжішілік әдістемелік-семинар болып өтті.Семинарға Колледж директоры: Е.Сасбұқа, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Т.Мақсұтов, Әдіскер: Ж. Кенжетаева, Бөлім меңгерушісі: Ғ.Даршалов, Педагог- психолог: С. Бақбергенова және топ жетекшілер қатысты. Семинарды ашып беру үшін Колледж директоры Е. Сасбұқаға сөз берілді. Семинар тақырыбымен мақсаты түсіндіріліп болған соң, көңіл күйді реттеу үшін, қызықты тренинг, жаттығулар ұйымдастырылды. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу басты мақсатымыз. Семинар барысында топ жетекшілерге «Бір тұтас тәрбие бағдарламасы»- ұлттық адами құндылықтарға негізделгенін ескере отырып, тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс екендігі айтылды. Семинарда топ жетекшілердің тәрбие жоспарына өзгертулер енгізілгені туралы, толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинар өте қызықты және тартысты өтті.

Читать далее