Жаңалықтар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай желтоқсан айының 14-ші жұлдызында «№11 колледж» мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа мұғалімдер командасынан бөлек техникалық қызметкерлердің де командасы ойнады. 14 декабря, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар «ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ Қазығұрт ауданы №11 колледжінде «Жұмыс беруші күні» мен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша ресурстық орталығының ашылу іс-шарасы болып өтті. Аталған іс-шараның мақсаты бүгінгі күннен бастап «Жас маман» жобасы бойынша алынған ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтар негізінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша ресурстық орталығын ашу, колледжде кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара тиімді іс-қимыл жасау, оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуды жетілдіру болды. Іс-шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, №11 колледжіндегі оқыту барысын көріп, құттықтау сөз сөйлеп, ауылшаруашылығы бағытында көп жылдардан жемісті еңбек етіп, экономикамыздың дамуына едәуір үлес қосып жүрген кәсіпкер азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, іс-шараға аудан көлеміндегі кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары қатысты. 15 ноября, 202215 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар № 11 колледж МКҚК-да «Тамақтандыруды ұйымдастыру» «Аспазшы» мамандығының апталық қорытындысы болып өтті. Қорытындыда «Worldskilles» чемпионаты негізінде топ аралық жарыс ұйымдастырылып, студенттер 1, 2, 3 модуль бойынша тапсырмаларын орындады. Сарапшы мамандар жарыс барысын бақылап студенттерді Объективті және Субъективті бағалап, тиісті марапаттарын ұсынды. 15 ноября, 202215 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар № 11 колледж МКҚК-да «Мамандығым мақтаныщым» атты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Аспазшы мамандығы апталығында, Жоспар бойынша арнайы пән оқытушысы Абилдаев К. Тақырыбы: КМ.01.ОН.1.5.»Қарын бүрме» тағамына Шебер сынып өткізді. Сабақ барысында күтілетін нәтиже: 1. Қазақтың ұлттық тағамдарын біледі. 2. Қарын бүрме тағамының дайындалу тәсілдерін меңгереді. 3. Тағамды Объективті және Субъективті бағалай біледі. 14 ноября, 202214 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар № 11 колледж МКҚК-да «Мамандығым мақтаныщым» атты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» Аспаз мамандығы апталығы өтіп жатыр. Жоспар бойынша арнайы пән оқытушысы Айнабекова Ф. Тақырыбы: КМ.01.ОН.1.4.»Ет қосылған бәліш»(Мясной пирог) Шебер сынып өткізлі. Сабақ барысында күтілетін нәтиже: 1. Қамыр илеу барысын. 2. Қамыр түрлерімен дайындалу тәсілдеріне түсінік қалыптастырады. 3. Еттен салмалар дайындайды біледі. 10 ноября, 202210 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. Мақсат — экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату. Қатысушылар (мақсатты аудитория) — басшылар және (немесе) өкілдер: — қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар); — дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар; — мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар; — колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар; — жергілікті атқарушы органдар; — «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы; — жұмыс берушілер қауымдастығы; — ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер; — бұқаралық ақпарат құралдары. Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы (өңірлік білім басқармасымен келісіліп ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі). Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылады: 1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары); 2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері; — кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.); — жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (слайд көрсету, кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы); 3) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» іскерлік ойындарын, пікірталас, тәлімгерлермен тренингтерді, кәсіпорындармен танысу экскурсиялары, жұмыс берушіден жаңа технологияларға шолу жасау бойынша қонақ лекцияларын өткізу; 4) жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің үздік жұмыс берушілерді грамоталарымен (құттықтау хаттарымен) марапаттауды ұйымдастыру; 5) меморандумдар мен келісімдерге қол қою; 6) колледж ұжымының шығармашылық тұсаукесерін, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, көрмелерді және т.б. ұйымдастыру. 10 ноября, 202210 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар № 11 колледж МКҚК-да «Мамандығым мақтанышым» атты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Аспаз» апталығының жоспарға сай Көрмесі өткізілді. Жауаптылар: мамандық бойынша арнайы пән оқытушылары. Сапарбаева Ж. Абдирова Ж. Айнабекова Ф. Абилдаева Қ. 8 ноября, 20228 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «№ 11 мколледж» МКҚК-ның кітапханашысы Г.Матиева, педагог-психолог С.Бахбергенова және топ жетекшілер, студенттердің қатысуымен «Кітапхана — көркем ойымыздың кепілі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: студенттерге кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу. 4 ноября, 20224 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Uncategorized Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «№ 11 мколледж» МКҚК-ның кітапханашысы Г.Матиева, педагог-психолог С.Бахбергенова және топ жетекшілер, студенттердің қатысуымен «Кітапхана — көркем ойымыздың кепілі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: студенттерге кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу. 4 ноября, 20224 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее
Жаңалықтар Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «№ 11 колледж» МКҚК-ның Парасаттылық мектебінің жетекшісі Г.Жаманбаева «Парасаттылық мектебі» туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: студенттерді адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әділдікке, отансүйгіштікке баулу. 4 ноября, 20224 ноября, 2022 admin 0 Комментариев Читать далее