Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының №11 колледж мекемесінде өткізілетін «Қош келдің әз-Наурыз» он күндік мерекелік іс – шараларының тәрбие жоспары аясында 16-наурыз «Наурыз –Салт –дәстүрдің жаңғыруы» мерекесіне орай 12-топ студентеріне әдістемелік кабинетте ұлттық кино мен салт-дәстүрді насихаттайтын бейнефильм көрсетілді. Қазақ салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп отырған, бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан. Біздің мақсатымыз салт-дәстүріміздің қайта жаңғырту. Сондықтан сақталып қалған дәстүрді жоғалтып алмай, оны алдымен студенттерімізге оқытып, бойларына сіңіру қажет.