Skip to content
- ← Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ жұмыс жоспарына сайкес 19.01.2024ж №11 колледж базасында «Білім беру ұйымдарында инновациялық жобаларды жүзеге асыру»тақырыбындағы әдістемелік десант өтті. Әдістемелік десанттың мақсаты: білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы қызметкерлерін инновациялық-әдістемелік, жобалау және ақпараттық қолдау, кәсіптік жетілдіруді қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыруға қолдау көрсету және педагогикалық қызметті тиімді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Әдістемелік десантқа «Білім беруді дамыту орталығынан» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрлыбаев, кафедра меңгерушісі Ж.Дуйсебаева,әдіскерлер Н.Жунисова, Б.Тажмағанбетова, М.Казыбаева,Б.Омарова және №11 колледж,№12 колледж ,№13 колледж ,Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжі, Сарыағаш медресе колледжі, «Арыстанбаб» жоғары колледжі, Абу Али Ибн Сина жоғары колледж, Сарыағаш көпсалалы колледжі,№8 колледж,Түркістан көпсалалы-техкикалық колледждерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер,әлеуметтік серіктестер, бірлестік жетекшілері , арнайы пән оқытушылары, жалпы білім беру пәндер оқытушылары; психологтар, әлеуметтік педагогтер қатысып отырды. Әдістемелік десант 5 секция бойынша жұмыстар жүргізді. Секция жетекшілері және баяндамашылар қатысушыларды әр түрлі тақырыптар бойынша таныстырды.Мысалы: инновациялық білім беру технологияларын енгізуге әдістемелік қолдау көрсету процесінде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді,колледж педагогтерін халықаралық зерттеулердің дайындық барысымен таныстырды,халықаралық Worldskills стандарттарын оқу үрдісіне енгізу е жолдарын көрсетті, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктерімен таныстырды, әлеуметтік серіктестермен жұмысты нығайту бойынша ұсыныстарн көрсетті, колледждің индустриалды кеңестің жұмысын таныстырды; Халықаралық Worldskills қозғалысының CIS бағалау жүйесі жүйесін қолдану дағдылары үйретті,аралық және қорытынды аттестаттауды демонстациялық емтихан түрінде жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша озық тәжірибе алмасты. Десант соңында Білім беруді дамыту орталығының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрлыбаев қортындылап,қатысушылардың ұсыныстарын қабылдады және сұрақтарына жауап берді..
- ЖАЛПЫ КОЛЛЕДЖДІК СЕЙСМОЖАТТЫҒУ ӨТТІ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру барысында, ағымдағы жылдың 23 — ақпанында Республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде сейсмикалық жаттығу кестесіне сәйкес №11 колледжінде өткізілді. →
Вам также может понравиться