Х А Т Т А М А
Қазығұрт е.м. 15.10.2019 ж
№11 колледж
«Саламатты Қазақстан» тақырыбындағы студенттер арасындағы өткізілген семинар кеңес
Қатысқандар: №11 колледж директоры Е. Сасбұқа, директордың ТЖЖ орынбасары Т. Мақсұтов, аудандық емхананың ЖИТС алдын алу және емдеуді үйлестіруші инфекционист дәрігері Е. Байтугелов, нарколог дәрігер А. Дүйсенов,
Ә. Ақжолқызы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы М. Абдуллаева, топ жетекшілер, өндіріс шеберлері және студенттер (50-70).
Күн тәртібінде:
- Біз – ұлт денсаулығы үшін
- Түрлі мәселелер
Семинар кеңестің күн тәрбіндегі мәселесімен таныстырып, ҚР-сы денсаулықты сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтіп жатқандығын айтып. Келесі сөз кезегін аудандық емхананың ЖИТС алдын алу және емдеуді үйлестіруші инфекционист дәрігері Байтугелов Ержан Тағайбекұлына берді.
Келесі сөз кезегін аудандық емхананың ЖИТС алдын алу және емдеуді үйлестіруші инфекционист дәрігері Байтугелов Ержан Тағайбекұлы алып білім ғасырында, технологияның дамыған заманында медицина саласында озық ойлы, білікті мамандарды ойландырып, емін таба алмай келе жатқан дерттің бірі – ЖИТС. ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы) – аса қатерлі вирустық дерт. Аурудың арнайы емі жоқ, сондықтан барлық жүргізілген шаралар ауруды тежеуге және адам өмірінің сапасын шамалы болса да ұзартуға көмектеседі. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда ЖИТС-пен ауратындар саны 1-ші орында Қарағанды облысы, оның ішінде Теміртау қаласы, 2-ші орында Павлодар облысы, оның ішіде Екібастұз қаласы, 3-ші орында Оңтүстік Қазақстан облысы оның ішінде Алматы, Шымент, Тараз қалалары. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 1 желоқсан күнін ЖИТС- пен күресу күні деп белгіледі және әлеуметтік төзімділікке шақырды. Содан бері бұл күн әр түрлі ұрандармен, іс- шаралармен өткізіледі. Іс- шаралардың мақсаты – халықты салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, аждаһа дертті ауыздықтау, халыққа аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау тәсілдерін түсіндіру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің қолыңызда, — деп сөзін аяқтады
Келесі сөз кезегін аудандық емхананың нарколог дәрігері Амантай Дүйсенов алып Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп, әрқашан жаман ойдан аулақ болып. Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Семинар кеңестің соңында «Салауатты өмір салтын ұстан» тақырыбында шағын кітапшалар колледж студенттеріне таратылды және «ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында қысқаша бейнебаян (видеоролик) көрсетілді.
Директордың ТЖЖ орынбасары: Т. Мақсұтов
Әлеуметтік — педагог: А. Сүйеубеков
Хатшы: С. Бахбергенова