«ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ Қазығұрт ауданы №11 колледжінде «Жұмыс беруші күні» мен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша ресурстық орталығының ашылу іс-шарасы болып өтті. Аталған іс-шараның мақсаты бүгінгі күннен бастап «Жас маман» жобасы бойынша алынған ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтар негізінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша ресурстық орталығын ашу, колледжде кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара тиімді іс-қимыл жасау, оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуды жетілдіру болды. Іс-шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, №11 колледжіндегі оқыту барысын көріп, құттықтау сөз сөйлеп, ауылшаруашылығы бағытында көп жылдардан жемісті еңбек етіп, экономикамыздың дамуына едәуір үлес қосып жүрген кәсіпкер азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, іс-шараға аудан көлеміндегі кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *