Қазығұрт ауданы «№ 11 колледж» МКҚК. ,,Оқуға құштар колледж». 2022 жылдың 26-қыркүйегінде ,,Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ,,11Колледж МКҚК-нің кітапханашысы Г.Матиеваның ұйымдастыруымен колледж ұстаздары мен студенттері арасында ,,Кітап ашумен әлемді танимын » атты ,көркем әдебиеттерді насихаттау көрмесі болып өтті. Іс — шараның мақсаты: жастардың көркем әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру ,олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру және жаңа оқулықтармен таныстыру. Іс- шара барысында кітапхана қызметкері қатысушы студент оқырмандарға кітап қорымен таныстырып,оқулық туралы көптеген ақыл кеңестер айтты.Ақын аса көрнекті ғалым,түріктанушы,көркемсөзші,ағартушы, аудармашы ұстаз,қоғам қайраткері, қазақ әліппесін жасаушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына орай ,,Маса » өлең жинағынан үзінділер оқыды. Бұл іс-шараға өз үлестерін қосқан студенттер Дархан.Ақмарал.Устаева Диана.Әрманова Әзиза.Сапар Балқия.Тұрсынбай Жайна.Қалкөз Мерей.ат салысты. Іс-шара соңында Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Мақсутов.педагог психолог Бақбергенова.Әлеуметтік педагог Ы.Ибрайым .Қатысушыларға алғысын білдіріп .келешекте білімдіде,білікті маман иелері болып шығуларына тілек білдірді.Кеш соңында студенттер кітаптың пайдасы мен қадір қасиеті туралы айтылған ұстаздардың пікірлерін тыңдап ,ерекше әсерде болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *