Skip to content
- ← Қыркүйек айының 14-күні №11 колледжде жалпы суденттер жиналысы өтті: Күн тәртібіде. 1. Колледждің ішкі тәртіп ережелері 2. Құқық бұзушылықтың алдын алу 3. Колледж парламентінің фракциясын сайлау және студенттік парламент ұйымының құрлымы мен қызметі 4. Колледждегі жатақхана студенттерінің тұрмыс-тіршілігі туралы Қатысқандар: № 11 колледж директоры Е.Сасбұқа , директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар Қ.Пралиев,директордың ТЖЖ орынбасары Т.Мақсұтов , педагог-психолог С.Бахбергенова, әлеуметтік педагог Ы.Ибрайм, жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Тілеуов, коллледжге бектілген инспектор полиция аға лейтенанты Қуаныш Бақберген Орынтайұлы, студенттер, ұстаздар және өндіріс шеберлері ( барлығы 120-150 адам) Жиналыс барысында күн тәртібіндегі қаралатын мәселе бойынша №11 колледждегі директордың ТЖЖ орынбасары Т.Мақсұтов жиналыстың мақсатын таныстырып, №11 колледж директоры Ержігіт Сасбұқа Сапарұлына сөз берілді. Келесі сөз кезегін алған Ержігіт Сапарұлы жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша студенттерге таныстырды. Колледж студенттерге тақырыбында өз ой-пікірін айтып студенттерге тәртіп бұзбай сабақтарын жақсы оқып, Колледждің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға, жатақханадағы тәртіп пен тұрмыстық –тіршілік туралы атап, үздік студент атануын айтты. Келесі сөз кезегі №11колледждің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар Қ.Пралиев сабақтан себепсіз қалмауын, түрлі зияткелік байқауларға белсене қатысуын, үздік студент атауын және жақсы мамандық иесі болып шығуы үшін бар білімін жұмсау қажеттігі айтылды. Келесі сөз кезегі директордың ТЖЖ орынбасары Т.Мақсұтов сөз алып, өз сөзінде колледждің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу,жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерінің қатаң сақталуын талап етті. Колледж парламентінің фракциясын сайлау және студенттік парламент ұйымының құрлымы мен қызметі туралы айтып , мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетулерін айтты. Оқушыларды сабақтан қалмауын ескертті. Студенттік парламент фракциясының ұйымының құрамын сайлады және студенттік парламент президентіне екі студент кандидат болып анықталды. 2022 жылдың қыркүйек айының 27 жұлдызы күні сайлау өтеді деп жоспарлануда екенін атап өтті. Келесі сөз кезегі коллледжге бектілген инспектор полиция аға лейтенанты Қуаныш Бақберген Орынтайұлына сөз кезегі берілді, оқушыларға тәртіп бұзбай колледж ішкі ережелеріне тікелей бағынышты екендігін оқушыларға түсіндіріп өтті. Кешкі уақытта ресторан, Тойхана, кафелерде жұмыс жасауға болмайтыны ескертті. Студенттерге колледжде тәртіп бұзбай, сабақтан калмай, жүрулерін түсіндіріп өтті. Кім де кім колледжде тәртіп бұзса колледж ішкі есепке тұратындығын түсіндіріп және аудандық ІІБ-ның айтты. Студенттерге сабаққа форма киіп келуін ескертті, кімде-кім форма кимесе ата-аналарын шақыртып түсініктеме алуын айтып өтті студенттерге. Колледж педагог-психолог С.Бахбергенова оқушыларға сабақтан қалмай толық қатысуын және оқушыларға психолог кабинетінде тренинг сабағын өтетінін айтты. Кездесу соңында жастар ісі жөніндегі испекторы А.Тілеуов студенттердің түрлі тәрбиелік-іс шараларға ,спортық жарыстарға, байқауларға қатысып, өзінің шығармашылығын шыңдауға коледжде үлкен мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сөз соңында жиынға қатысқан қонақтар мен студенттерге өз ризашылығын білдіріп өтті.
- Қазығұрт ауданы «№11-колледж МКҚК-ы әлеуметтік педагог Ы.Ибраим, «Мол бұлақ» мешітінің бас имамы Қ.Тасбауов, педагог-психолог С.Бахбергенова, кітапхана меңгерушісі Г.Матиева, тәрбиеші М.Тоқтасыновалардың қатысуымен 23.09.2022 ж. «Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Мақсаты: студенттерге діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. →
Вам также может понравиться