college

МЕМЛЕКЕТ — ОТБАСЫНАН ҚҰРАЛАДЫ.ОТБАСЫ МЕРЕКЕСІ БАРШАҢЫЗҒА ҚҰТТЫ БОЛСЫН.
Ел Президенті мемлекет отбасынан басталатынын және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтардың нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын айтып өтуіміз керек. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтілді. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының » 11 колледж » МКҚК-ның әдіскері Ж.Кенжетаева, педагог-психолог С.Бахбергенова және «Тоғжан» қыздар клубының төрайымы Г.Жаманбаеваның ұйымдастыруымен «Отбасы және бала тәрбиесі отбасынан басталады» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ж.Кенжетаева «Отбасы және бала тәрбиесі отбасынан басталды», Г.Жаманбаева «Отбасым — бақыт мекенім», С.Бахбергенова «Отбасы психологиясы отбасылық тәрбие туралы» тақырыптарында баяндама оқыды. Педагог-психолог отбасына байланысты сауалнама алды, тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: білім алушыларға «Отбасы» құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу және бойында отбасына деген сүйіспеншілікті тудыру.
Отбасы тәрбиесінің мәні мен маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *